
2026 жылы Алматының Индустриялық аймағында жалпы аумағы 22,2 мың шаршы метр болатын бес шағын өнеркәсіптік парк пайдалануға беріледі. Жобалардың жалпы инвестиция көлемі 2,33 млрд теңге. Бұл нысандарды іске асыру 20-дан астам шағын және орта бизнес субъектісі орналастырылып, 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Шағын өнеркәсіптік парктер жобалары қаланың өндірістік инфрақұрылымын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға және Алматының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған. Нысандардың индустриялық аймақта орналасуы қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз етіп, өндірістік кәсіпорындардың тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы шағын өнеркәсіптік парктер жобаларын жүзеге асыруды үйлестіреді. Басқарма инвесторлармен өзара іс-қимылды ұйымдастырып, құрылыс барысын бақылайды, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру үдерісін бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс бизнес үшін қолайлы орта қалыптастырып, инвестициялық жобаларды жедел іске асыруға бағытталған.
Жоба аясында келесі нысандар пайдалануға беріледі:
Аталған жобалар Алматының индустриялық аймағын дамытудағы маңызды кезең болмақ. Олар өндірістік әлеуетті арттырып, шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қаланың экономикалық өсіміне зор үлес қосады.