Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

2026 жылы 11 сәуірде сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін Розыбакиев – Штраус және Розыбакиев – Жандосов көшелерінің қиылыстарында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі.

Шектеулер 10 кВ кернеулі кабель желісінің екі өткелін ашық әдіспен жүргізу жұмыстарына байланысты енгізіледі. Бұл жұмыстар «ПС-6А, ПС-168А (2 кезең) нысандарында 6 кВ желілерін 10 кВ кернеуге ауыстыру» жобасы аясында жүзеге асырылмақ. Жұмысты мердігер ұйым — «SARYARKA-MS» ЖШС атқарады.

Жобаның негізгі мақсаты — Алматы қаласы тұтынушыларын электр қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігі мен сапасын арттыру.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан жол қозғалысын алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларын сұраймыз.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ