
27 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ауқымдыжүгіру додасы – Almaty Marathon өтеді. Биыл 15-рет ұйымдастырылатын бұл ірі спорттық шараға 16 000-ға жуық қатысушы жиналмақ. Марафонның мәртебеліқонақтарының бірі 2018 жылғы Бостон марафоныныңжеңімпазы, жапондық әйгілі марафоншы Юки Каваучи.
Каваучи есімі әлемге дәл осы Бостондағы жеңісінен кейінкеңінен танылды. Қолайсыз ауа райына қарамастан, олкәсіби спортшылар мен фавориттерді басып озып, марафон тарихындағы ең жарқын сенсациялардың бірінжасады. Бір қызығы, сол сәтте ол кәсіби атлет емес еді: мемлекеттік қызметте еңбек етіп, жаттығулардыкүнделікті жұмысымен қатар алып жүрген. Осы ерекшелігі үшін оған «халық марафоншысы» дегенбейресми атау берілді. Бұл табандылық пен қажыр-қайраттың арқасында биік нәтижеге жетуге болатынындәлелдейтін тағылымды жол.
Бүгінде Юки Каваучи әлемге танылған, мыңдаған жанғажігер сыйлайтын марафоншы. Оның Almaty Marathonжарысына қатысуы халықаралық жүгіру қауымдастығыүшін айтулы оқиға болмақ. Бұл марафонның беделінарттырып, шетелдік қатысушылар мен бұқаралық ақпаратқұралдарының назарын аударуға ықпал етеді.
«Бұл – мінез, жүйелілік және қозғалысқа дегенсүйіспеншілік жайлы тағылымды оқиға. Біз үшін AlmatyMarathon қатысушылары осындай тұлғалардан шабыталып, өздерін жаһандық жүгіру қауымдастығының бірбөлігі ретінде сезінуі маңызды. Біздің жарыстарымызжынысына, жасына, физикалық мүмкіндіктерінеқарамастан, баршаға ашық екенін әрдайым атап өтеміз», - деді «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.
Айта кетейік, 2026 жылы Almaty Marathon-ға 15 жылтолады. Осы уақыт ішінде ол жай ғана спорттық жарысшеңберінен асып, қала экономикасы мен оған сабақтас салаларға әсер ететін ауқымды жобаға айналды.
2024 жылы жүргізілген «Almaty Marathon-ның қалаэкономикасына әсері» атты зерттеу нәтижелері бойынша, марафон өтетін екі күн ішінде шамамен мыңға жуыққатысушы 8 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсайды. Ал серіктес компаниялардың салық түсімі соңғы төрт жылда318,9 миллион теңгеден 873,9 миллион теңгеге дейінөскен.
Марафонның ықпалы спорттық қауымдастықтардыңдамуына да айқын әсер етеді. Бүгінде Алматыда 40-қа жуық жүгіру клубы жұмыс істейді. Олардың төңірегіндетамақтану, медицина және спорттық жабдықтарсалаларын қамтитын тұтас экожүйе қалыптасып, шағынбизнес пен туризмнің өркендеуіне серпін беріп отыр.
2025 жылы қатысушылардың шамамен 10%-ы шетелденкелді. 60 елден, оның ішінде Қытай, БАӘ, Германия, Түркия, Франция, Сингапур, Италия, Канада жәнеШвейцария бар.
Жол шығынын есептемегенде, қатысушылардың басымбөлігі қалада орта есеппен 20-40 мың теңге (41%) немесе50 мың теңгеден астам (31%) қаражатты тамақтану, саудажәне ойын-сауыққа жұмсайды.
Қала сыртынан және шетелден келген қатысушылардың79,3%-ы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр. Әлемдіктәжірибеде мұндай сапарлар көбіне ұзақ мерзімдішешімдердің бастамасына айналып, қайта келу немесеинвестиция салу сияқты мүмкіндіктерге жол ашады.
Марафонға деген халықаралық қызығушылық ғылымизерттеулерде де көрініс тапқан. Атап айтқанда, AlmatyMarathon Mastercard және Almaty Tourism Bureau бірлесіпдайындаған Алматы қаласының туристік әлеуетін талдауеңбегіне енгізілген. Зерттеуде ірі іс-шаралардың, соныңішінде спорттық жарыстардың, туристер ағыны мен қаладағы экономикалық белсенділікті арттыруға тікелейәсер ететіні атап көрсетілген. Биылғы марафон 27 қыркүйекте өтіп, 16 000 қатысушыны біріктірмек. Дәстүр бойынша тіркеу жарналарының бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға бағытталады. 2012 жылдан бері жалпы сомасы 300 миллион теңгеден асатын 30-дан астам әлеуметтік және медициналық жоба жүзеге асырылған. Қатысу үшін almaty-marathon.kz сайты арқылы тіркелуге болады.