Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы 42 шақырым жол жөнделіп, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Алматының Жетісу ауданында 2026 жылы 42 шақырым жол жөнделіп, қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Алматының Жетісу ауданында жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Аудандағы жол жөндеу жұмыстары мен алдағы жоспарлар туралы аудан әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

2026 жылы жалпы ұзындығы 42 шақырым болатын 52 көшеде орташа жөндеу жүргізіліп, тротуарлар көркейтілді. Тамыз айының соңына дейін 31 мың шаршы метр жол төсемін жөндеу және 5 мың метр техникалық тротуар салу жоспарланған.

Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр. Ауданның бірқатар көшесінде және Кемел шағынауданында көшкін қаупі бар учаскелерді нығайту жұмыстары жалғасып жатыр.

«Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің жұмысымыздың негізгі қағидаты. Біз тәуекелдерді азайтуға және қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыруға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеміз», — деді аудан әкімі.