
Жамақаев көшесінің белгілі бір аумағында жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
Атап айтқанда, 4 сәуір күні сағат 05:00-ден 6 сәуір күні сағат 06:00-ге дейін Ахмедьяров көшесінен Иванилов тұйығына дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.
Бұл аумақты Сызғанов, Иванилов және Ескендіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады. Тұрғындардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Еске сала кетейік, қозғалысқа қатысты шектеулер туралы толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.