
Алматы Орталық Азиядағы ең тартымды туристік бағыттардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайтып, туристер легінің тұрақты өсімін көрсетіп келеді.
2025 жылы қалаға 2 487 889 адам келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 6,3%-ға артық (1 729 601 адам). Оның ішінде 754 мыңға жуығы шетелдік туристер, олардың саны 9,9%-ға артқан. Ал ішкі туристер 1,7 млн-ға жетіп, өсім 4,8% болды.
Туристердің көбеюі бағытқа деген қызығушылықтың және оның экономикалық маңызының да артқанын аңғартады. Mastercard Tourism Insights деректеріне сәйкес, Алматыда шетелдік туристердің шығыны 40%-ға артқан, ал сапарға деген қызығушылық 73%-ға өскен.
Шаһардың тартымдылығы халықаралық деңгейде де мойындалып отыр. Алматы 2025 жылға арналған CNN Travel нұсқасы бойынша әлемдегі үздік туристік бағыттардың қатарына еніп, Орталық Азияның «Capital of Cool» қаласы атанды. Сонымен қатар Bloomberg нұсқасы бойынша 2026 жылы баруға ұсынылатын үздік 25 бағыттың тізіміне кірді.
Қалада Алматы тау кластерін, іскерлік және оқиғалық туризмді дамыту, сондай-ақ халықаралық деңгейде қала брендін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған.