
«Eco Almaty» ЖШС ауа сапасын жақсарту және жүргізушілердің экологиялық жауапкершілігін арттыру мақсатында «Көлігіңіздің шығарындысын тексеріңіз» атты экологиялық акция өткізеді.
Акция аясында қала тұрғындары көлігін экологиялық талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тегін тексере алады.
Мамандар көміртек оксидінің (CO) деңгейі мен пайдаланылған газдардың түтіндену көрсеткішін өлшейді.
Тексеру тегін жүргізіледі, әкімшілік шаралар қолданылмайды, мобильді экологиялық зертхана арқылы қысқа мерзімде жүзеге асырылады.
Акция жүргізушілерді көлік құралдарының техникалық жай-күйі туралы хабардар етуге, сондай-ақ шығарындыларды уақытылы бақылаудың маңызын түсіндіруге бағытталған.
Іс-шара автокөлік шығарындыларын негізгі ластаушы көздердің бірі ретінде азайтуды көздейтін Алматы қаласының атмосфералық ауаны қорғау қағидаларын іске асыру аясында өткізіледі.
Өтетін күні мен уақыты:
6-7 сәуір 2026 жыл, сағат 10:00-13:00
Мекенжайы: Чаплыгин көшесі, 1/1, автотұрақ
https://2gis.kz/almaty/geo/70030076628510321/76.964451,43.293788.
Анықтама телефоны: +7 747 427 6054.