Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Мегаполисте XI өңірлік «WorldSkills Almaty – 2026» чемпионатының жарысы басталды. 25–27 наурыз аралығында қала алаңдары колледждердің үздік студенттері арасындағы кәсіби бәсекенің орталығына айналады.

Чемпионаттың басталуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында Қазақстандағы білім беру жүйесінің даму қарқынын айқын көрсетті. Бұл іс-шара дәстүрлі шеберлік пен озық технологияларды ұштастырып, ел болашағын қалыптастыратын жас мамандарды бір алаңда тоғыстырды.

Негізгі көрсеткіштер мен алаңдар:

Қатысушылар: қала колледждерінің 470-тен астам үздік студенті

Құзыреттер: 57 бағыт (43-і — негізгі алаң «Атакент» ҚІЫО, №11 павильонда; 14-і — бейінді колледждер базасында)

Сарапшылар: 500-ден астам сертификатталған маман бағалайды, олардың үштен бірі — тікелей жұмыс берушілер

Инклюзивтілік және кәсіби бағдар:
Чемпионат аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерге арналған Abilympics International стандарттары бойынша («Сән технологиясы» құзыреті) жарыстар өтуде. Сонымен қатар алаңдарда «Менің болашақ мамандығым» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 9-сыныптың 12 мыңнан астам оқушысы қатысып, кәсіби бағдар алу мүмкіндігіне ие болуда.

Өңірлік кезең жеңімпаздары Алматы қаласының атынан 2026 жылы Астанада өтетін WorldSkills Kazakhstan ұлттық чемпионатында өнер көрсетеді.

БАҚ НАЗАРЫНА!

Сіздерді 26 наурыз сағат 11:00-де («Атакент»ҚІЫО, №11 павильон) жарыс алаңдарына келіп, чемпионаттың ауқымымен танысуға шақырамыз.

Финал және жабылу рәсімі: 30 наурыз, сағат 10:00, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 114)

Байланыс: Асан Қуанов, 87759894746