Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Наурыз мерекесіне орай өткізілетін іс-шараларға байланысты Омаров көшесінде автокөлік және қоғамдық көлік қозғалысы 2026 жылы 20-21 наурыз күндері уақытша шектеледі.

Шектеу шаралары іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, мерекелік алаңды ұйымдастыру мақсатында енгізіледі.

Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.