
17 наурыз Алматыдағы «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Шаңырақ күніне арналған «Әке, ана және мен – спортпен шұғылданатын отбасы» атты инклюзивті отбасылық эстафета өтті.
Жарысқа инклюзивті санаттағы балалар мен олардың ата-аналарынан тұратын командалар қатысты. Қатысушылар «Баланс», «Допты бақылау», «Олимпиадалық шеңбер», «Пирамиданы жина» және «Балалар — өмірдің гүлі» сынды түрлі спорттық әрі ойын кезеңдерінде бақ сынады.
Іс-шара жылы әрі достық рухта өтіп, отбасыларды біріктіріп, қатысушыларға жарқын эмоция мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әсіресе, әрбір бала үшін жайлы әрі қолдаушы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
Ата-аналардың айтуынша, бұл күн олар үшін нағыз мерекеге айналды. Балалардың қаншалықты белсенді әрі эмоциялық тұрғыда ашылғанына ерекше қуаныш білдірді.
Мұндай іс-шараларды өткізу инклюзивті спортты дамытуға, отбасылық құндылықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.