Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Алматылық спортшы қыздар әйелдер күресінен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетті

Тараз қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Жарыс қорытындысы бойынша алматылық балуандар бірқатар жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

🥇 Алтын медальдар – Лаура Ғаниқызы (50 кг), Жаңыл Бекен (64 кг), Алина Ертөстік (76 кг);
🥈 Күміс медальдар – Сәния Сұлтанғали (55 кг), Аида Әлжан (59 кг), Ұлдана Тілеухан (68 кг);
🥉 Қола медальдар – Медина Қуанышбек (50 кг), Ғазиза Рысалды (53 кг), Шодиона Дильмуратова (55 кг), Қаламқас Жүніс (62 кг), Нұрайым Саяхмет (65 кг).

Жалпыкомандалық есепте Алматы құрамасы бірінші орын иеленді.