Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді

Алматының Қалақұрылысы кеңесінде бірқатар жобалар бекітілді

Алатау ауданындағы Рысқұлов даңғылының солтүстігіне, Б.Момышұлы көшесінің шығысына қарай салынатын 13 жеті қабатты үйдің жобасы бекітілді, мұнда аула кеңістігінде көлік тұрағы, коммерциялық бөлмелер, мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі болады. Су қорғау аймағы балалар және ойын алаңдары ретінде пайдаланылады. Құрылысты жүргізуші бала бақша мен мектеп салынатын жер учаскесін коммуналды меншікке өткізеді.

Бостандық ауданындағы Сәтпаев көшесінің бойындағы бір қабатты өндірістік нысанды екі қабатты ғимарат етіп қайта жасау, оны халыққа қызмет көрсететін ғимаратқа айландыру жобасы да бекітілді. Оның 1-ші қабатына шоурум, тамақтану аймағы, қызмет көрсету бөлмелері бар автосалон, техникалық қызмет көрсету станциясы, шиномонтаж, көлік жуу, техникалық бөлмелер орналасады. 2-ші қабатында сауда алаңдары, кафетерий, әкімшілік бөлмелер болады. Абаттандырылатын аймаққа газондар,тротуарлар жасалып, ағаш пен бұтаұқтар отрығызылады, жарық көздері орнатылады.

Айта кетерлігі, жобаларды бекіту барысында энерготиімділікке, сыртқы әрлеу жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалануға, фасадттарды түнгі жарықтандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болуына, алаңды жасылдандыруға, көлік легінің жүктемесіне, аулаларды абаттандыруға және басқаларына айрықша назар аударылады.