Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді көктемнің алғашқы күні – жүрекке жылу сыйлайтын, мейірім мен ризашылыққа толы 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «ALGYS FEST» мерекелік концертіне шақырамыз!

Сахна төрінде елімізге танымал өнерпаздар - Алашұлы, Raim, Ерке Есмахан, Kalifarniya, Алатау серілері, Арқайым, Нұрсултан Нұрбердиев, Балауса Ерғалина, Серікбол Сайлаубек және өзге де жұлдыздар өнер көрсетеді.

Бұл күн — бір-бірімізге алғыс айтып, ризашылық білдіретін ерекше сәт. Мерекені бірге атап өтіп, жақындарымызға, достарымызға, ата-анамызға және барша жанға жүрекжарды алғыс білдірейік!

«ALGYS FEST» мерекесінің қадірлі қонағы болыңыздар! Сіздерді көтеріңкі көңіл күй, әсем әндер мен жүрекке жылу сыйлайтын әсерлі сәттер күтеді.

📅 Күні: 1 наурыз
🕑 Уақыты: 14:00
📍 Өтетін орны: Aport Mall East (Құлжа тас жолы, 106)