Алматы әкімі АҚШ Елшісімен экономикалық және туристік ынтымақтастық жайын талқылады

Алматы әкімі АҚШ Елшісімен экономикалық және туристік ынтымақтастық жайын талқылады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңадан тағайындалған Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесті.

Кездесу барысында әкім ынтымақтастықтың ашық әрі мазмұнды болатынына сенім білдіріп, оның Алматыда және өңірде АҚШ-тың экономикалық қатысуын кеңейтуге бағытталатынын атап өтті. Сондай-ақ Елшіні Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады.

Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайту, сондай-ақ туризм саласын дамыту жайын талқылады.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы мен АҚШ арасындағы сыртқы сауда айналымы 1 млрд АҚШ долларынан асты. Ал өткен жылдың алғашқы 9 айында қалаға АҚШ-тан 18 мыңнан астам турист келді.

АҚШ Елшісі Алматыда жаңа Бас консулдық кешенінің құрылысы екіжақты қатынастың стратегиялық сипатын және оларды кезең-кезеңімен дамытуға деген ұмтылысты айқын көрсететінін атап өтті.