Алматы орталығындағы мейрамхананың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды

Алматы орталығындағы мейрамхананың жазғы террасасы сот шешімімен бұзылды

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Қажымұқан көшесі, 37-үй мекенжайында орналасқан нысан бұзылды.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеру барысында құрылысқа рұқсат беру құжаттарының жоқ екені анықталды. Осыған байланысты меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданылып, материалдар сотқа жолданды.

2025 жылы 12 тамызда Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен заңсыз салынған жазғы алаңды бұзу туралы талап-арыз қанағаттандырылды.

Нысанды бұзу жұмыстары сот шешіміне сәйкес меншік иесінің өз күшімен жүргізілді.