Кәсіпкерлік субъектілерімен сауда үстемесін сақтау және ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Кәсіпкерлік субъектілерімен сауда үстемесін сақтау және ӘМАТ бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің       2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362-нқ бұйрығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының кеңейтілген тізбесі бекітілді - атаулар саны       19-дан 31-ге дейін ұлғайтылды. Аталған тауарларға қатысты жергілікті атқарушы органдар тарапынан күшейтілген бақылау және бағаға жүйелі мониторинг жүргізілуде.

Мониторинг «үй жанындағы» дүкендерде, азық-түлік базарларында және сауда желілерінде жүзеге асырылады. Негізгі мақсат - мөлшері         15 пайыздан аспайтын шекті сауда үстемесінің сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу.

Кәсіпкерлік субъектілерімен жүргізілетін жұмыс шеңберінде заңнаманың талаптарын түсіндіру жүзеге асырылады, консультациялар жүргізіледі және ақпараттық материалдар таратылады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген. Айыппұлдар мөлшері:

  • жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін-5 АЕК;
  • орта кәсіпкерлік субъектілері үшін-35 АЕК;
  • ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-150 АЕК.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылықты қайта жасау айыппұлдың екі еселенген мөлшерде салынуына әкеп соғады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау және бағаға мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты негізде жалғастырылатын болады.