
«Алматы» ӘКК» АҚ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру аясында кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру үшін өтінім қабылдаудың басталғанын хабарлайды.
Несие жылдық 0,01% мөлшерлемемен айналым қаражатын толықтыруға беріліп, кәсіпкерлерге шикізат сатып алу, қызметтерге ақы төлеу, еңбекақы, логистика сынды негізгі өндірістік және басқа да шығындарды жабуға мүмкіндік береді.
Өндірушілер мен ритейлерлер өз кезегінде ӘМАТ бағасын ұстап тұру бойынша міндеттеледіы. Жеткізу көлемін кәсіпкер өзі айқындайды, алайда несие алу кезінде белгілі бір мерзімге сауда сөрелеріндегі бағаны бекітуге міндеттеледі. Несие үш айдан үш жылға дейінгі мерзімге беріледі.
Жеңілдетілген қаржыландыру қолданылатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне мыналар кіреді:
|
1 |
Бірінші сұрыпты бидай ұны |
|
2 |
Бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны (қалыпты) |
|
3 |
Макарон өнімдері (рожки) |
|
4 |
Қарақұмық жармасы |
|
5 |
Тегістелген күріш (домалақ дәнді) |
|
6 |
Картоп |
|
7 |
Асханалық сәбіз |
|
8 |
Пияз |
|
9 |
Ақ қырыққабат |
|
10 |
Қызанақ («черри», «жүзім» сорттарынан басқа) |
|
11 |
Қияр («корнишон» сортынан басқа) |
|
12 |
Алма |
|
13 |
Ақ қант — құмшекер |
|
14 |
Күнбағыс майы |
|
15 |
Сүйекті сиыр еті |
|
16 |
Сүйексіз сиыр еті |
|
17 |
Тартылған ет (фарш) |
|
18 |
Қой еті, оның ішінде сүйексіз |
|
19 |
Жылқы еті, оның ішінде сүйексіз |
|
20 |
Балғын, салқындатылған және мұздатылған балық (лещ, мөңке, көксерке, тұқы, сазан) |
|
21 |
Тауық еті (сан, жіліншік, тауықтың жамбасы) |
|
22 |
Тауық (тұтас) |
|
23 |
Пастерленген, ультрапастерленген, стерильденген сүт (майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейін, дәм қоспасыз, лактозасыз өнімдерден басқа) |
|
24 |
Айран (майлылығы 2-3%, лактозасыздан басқа) |
|
25 |
Қаймақ (лактозасыздан басқа) |
|
26 |
Сүзбе (майлылығы 5–9%, лактозасыздан басқа) |
|
27 |
Қатты және жартылай қатты ірімшік (майлылығы 40–50%) |
|
28 |
Сары май (тұзсыз, майлылығы 72,5%-дан 80%-ға дейін, қоспасыз және өсімдік майынсыз) |
|
29 |
Тауық жұмыртқасы (I санат) |
|
30 |
Қара шай (дәм қоспасыз, қаптамалы шайдан басқа) |
|
31 |
Ас тұзы ( «Экстрадан» басқа) |
Несие беру шарттарымен кәсіпкерлер «Алматы» ӘКК ресми сайтында жарияланған хабарландыру арқылы таныса алады.
Несие беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігі жанындағы ӘМАТ бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.
Өтінім 2026 жылы 20 ақпанға дейін қабылданады. Кеңес алу үшін кәсіпкерлер +7 701 410 49 12 нөміріне хабарласа алады.
Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК өндірушілермен келесі қарыз шарттарын іске асырып отыр: «Сары-Бұлақ» компаниясы — I санаттағы жұмыртқа (сауда сөресінде бір данасы 59 теңгеге дейін), «Алатау Құс» — тауық саны мен жамбасы 1 100 теңгеден, жіліншігі 1 650 теңгеден, «Nauryz Agro KZ» — тауық саны мен жамбасы 1 250 теңгеден. Аталған тауарлар бойынша баға тұрақтандыру үш жылға дейінгі мерзімге қамтамасыз етілген.
«Алматы» ӘКК ірі сауда желілерімен де ынтымақтасады. Magnum Cash&Carry желісі арқылы 10 440 тонна көкөніс (картоп — 5 120 тонна, сәбіз — 2 000 тонна, пияз — 2 120 тонна, қырыққабат — 1 200 тонна) 2026 жылғы 30 сәуірге дейін белгіленген бағамен тұрақтандырылып отыр.
Сонымен қатар, осы сауда желісімен 2026 жылы наурыз айына дейін ӘМАТ-тың 11 атауы бойынша (қарақұмық, күріш, макарон өнімдері, май, сүт өнімдері, тауық еті, сиыр еті, ұн, тұз және басқа да тауарлар) бағаны тұрақтандыру жөніндегі келісім қолданыста.