Аюсай шатқалының визит-орталығында Алматының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өтті

Аюсай шатқалының визит-орталығында Алматының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кездесу өтті

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Аюсай шатқалындағы визит-орталықта Алматының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен бейресми форматта кездесу өткізді.

Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен перспективалары, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы жеке инвесторлардың рөлі талқыланды. Кәсіпкерлер қалалық экономиканың басты қозғаушы күштерінің бірі екені атап өтіліп, олардың белсенді қатысуы Алматының тұрақты дамуы үшін маңызды екені айтылды.

Сонымен қатар болашақ полицентрлердің әлеуеті және олардың аумағында IT, туризм, гастрономия, көлік пен логистика салаларында бірегей жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды. Қаланың басты міндеті — бизнеске инвестиция салуға, қызмет ауқымын кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға қолайлы, тұрақты жағдай қалыптастырып, ұзақ мерзімді даму бағытын айқындау.

Кездесу барысында кәсіпкерлер өз ұсыныстарын білдіріп, бетпе-бет келіп отырған бірқатар мәселелерді, соның ішінде әкімшілік кедергілер мен реттеуші рәсімдерге қатысты түйткілдерді көтерді. Кәсіпкерлікті қолдау қала әкімдігі үшін басым бағыт болып қала беретіні айтылды.

Сондай-ақ Жаңа Салық кодексі аясында қаржылық емес құралдарды қоса алғанда, бизнесті қолдаудың түрлі тетіктері пайдаланылатыны атап өтілді.