Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына жүргізілген көшпелі мониторинг туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына жүргізілген көшпелі мониторинг туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және сауда үстемесінің белгіленген 15%-дан аспауын қамтамасыз ету мақсатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың, Алматы қаласы бойынша Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының, сондай-ақ Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысы бірігіп, қаланың сауда желілерінде барып, мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді:

- ӘМАТ бойынша сауда үстемесінің 15%-дан аспауын сақтау;

- бөлшек сауда бағасын негізсіз көтеруге жол бермеу;

- баға қалыптастырудың ашықтығы мен тұтыну нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығы.

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қатысты бағаның күрт өсуі байқалмайды, дүрлігу жоқ. Сауда нысандарының қоймаларында 29 түрлі атау бойынша 80 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар.

Азық-түлік жеткізу үздіксіз және кідіріссіз жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде айналым қарыздары мен форвардтық келісімшарттар аясында шартталған 25 мың тоннадан астам ӘМАТ бар.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің сақталуын бақылау және мониторинг жүргізу жұмыстары тұрақты негізде жалғасып келеді.