Алматы жаңа жылды «Таза Қазақстан» акциясымен бастады

Алматы жаңа жылды «Таза Қазақстан» акциясымен бастады

Алматыда жаңа жылдық концерт аяқтала салысымен «Таза Қазақстан» акциясы өтті. Коммуналдық қызметтер аумақты жедел тазалап, алаңдар мен көшелерден қоқыс жинап, қоғамдық орындарды ретке келтірді.

Акцияға мерекелік концертті тамашалауға келген көрермендер де қосылды. Қала тұрғындары тазалық пен тәртіпті сақтауға өз үлестерін қосты.

«Таза Қазақстан» бастамасы Алматының жаңа жылды мерекелік көңіл күймен қатар, қалалық ортаға деген жауапты көзқараспен бастағанын көрсетті.