Алматыда өткен Жаңа жылдық кешке 50 мыңнан астам адам жиналды

Алматыда өткен Жаңа жылдық кешке 50 мыңнан астам адам жиналды

Алматы қаласындағы Астана алаңында мегаполистің басты Жаңа жылдық концерттік кеші өтті. Мерекелік кеш барысында алматылықтар мен қала қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Кеш соңында қала тұрғындары мен қонақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа жылдық құттықтауын тыңдап, артынша отшашуды тамашалады.

Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Алматыдағы Астана алаңына шамамен 50 мыңнан астам адам жиналып, 2026 жылды ашық аспан астында қарсы алды.