Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі ауданда өткен баспасөз турының қорытындысы бойынша өткізген брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков атқарылған жұмыстар туралы айтып, ауданды одан әрі абаттандыру жоспарларымен бөлісті.
Алатау ауданында Мемлекеттік бағдарламалар аясында жайлы қоғамдық кеңістік құру үшін гүл бақтары, тұрғындардың демалуына арналған саябақ аймақтары, балалар және спорт алаңдары салынуда. Жол және инженерлік инфрақұрылым жаңартылуда.
«"Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында қолайлы ортаны дамыту мақсатында Алатау ауданында жалпы сомасы 3,1 млрд тг тең 15 жоба жүзеге асырылуда, нәтижесінде 2070 жұмыс орны ашылады деп күтілуде», — деді ол.
Аталған қаражат Зерделі шағынауданындағы 6 саябақты, 5 жаяу жүргіншілер аймағын, 54 көппәтерлі тұрғын үйдің, 23 ауланың, 18 балабақшаның қасбеттерін жөндеуге және шағын аудандағы жасыл аймақтарды жөндеуге бағытталды.
Қарасу шағынауданында жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жүргізілуде. Көше бойында және шағын аудандарда орнатылған 15 балалар мен спорт алаңдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ағымдағы жөндеу жұмыстары аясында 23 ауладағы шағын сәулет нысандарын, орындықтарды бояу және жөндеу, балалар алаңдарын қоршау жұмыстары аяқталды.