Алматы әкімі Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бахтиёр Ибрагимовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту, сондай-ақ туризм саласындағы тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Мегаполис басшысы Алматы мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымының оң динамикасын атады. Биыл 9 айда көрсеткіш 20%-ға артып, 850 млн АҚШ долларына жетті. Алматы қаласы екі ел арасындағы жалпы тауар айналымының бестен бір бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Қалада өзбек капиталы бар 4 174 кәсіпорын тіркелген.

Өз кезегінде көршілес елдің Елшісі бұл көрсеткіштер екіжақты сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейін көрсететінін атап өтті.