Алматы қаласындағы Абай алаңында жаңа жылдық мерекенің бастауы саналатын бас қалалық шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті.

Алматы қаласындағы Абай алаңында жаңа жылдық мерекенің бастауы саналатын бас қалалық шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтті.

Биіктігі 22 метр болатын шырша мыңдаған шамдармен жарқырап, оны безендіруге 7 шақырым гирлянда, мерекелік ойыншықтар мен жарқын иллюминациялар қолданылды. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін мультимедиялық шоу, жарық көріністері мен концерттік номерлерден тұратын әсерлі мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Қала тұрғындары мен қонақтары мерекелік кешті қуаныш пен шаттыққа толы көңіл-күймен қарсы алып, эмоцияларымен бөлісіп, суретке түсіп, Жаңа жылдың жақындағанын бірге сезінді.