Алматыда үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды

Алматыда үлескерлерді тартуға рұқсаты бар тұрғын үй кешендерінің тізімі жарияланды
Сәулет және қала құрылысы басқармасының және «ҚТК» АҚ тұрғын үй порталының деректері бойынша, қала аумағындағы 28 тұрғын үй құрылысы нысанына үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат берілген.
 
Еске сала кетейік, 2025 жылы маусымда «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізілді.
Заң бойынша мына жағдайда көппәтерлі және жеке тұрғын үйлерді жарнамалауға тікелей тыйым салынады:
•егер құрылыс салушыда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсаты жоқ болса;
•Бірегей оператордың кепілдік шарты жасалмаса;
•банк арқылы жобалық қаржыландыру жүзеге аспаса.
 
Сондай-ақ, бұған дейін жобалық-сметалық құжаттаманың негізінде жарнама орналастыруға мүмкіндік берген норма алынып тасталды. Бұл бұрын болған құқықтық олқылықтың жолын кесті.
 
Бұдан бөлек, заңнамаға «жеке тұрғын үйлер кешені» деген жаңа ұғым енгізілді. Енді мұндай нысандар да «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заң талаптарына бағынады.
 
Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат пен өзге де рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеру үшін азаматтар мына байланыстарға жүгіне алады:
 
* Құрылысқа қатысты рұқсат құжаттары бойынша – Қала құрылысын бақылау басқармасының анықтамалық Call-орталығы:
+7 (705) 896-6000
 
* Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат бойынша – Сәулет және қала құрылысы басқармасы:
+7 (727) 2408000
 
* «ҚТК» АҚ тұрғын үй порталы – homeportal.kz
 
Қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтарға алғашқы нарықтағы күмәнді мәміледен сақтану үшін баспана сатып алмас бұрын құрылыс салушының рұқсат құжаттарын мұқият тексеруге кеңес береді.  
№ПП  ҚТК атауы  Аудан  Мекен-жай Тапсырыс беруші  Тұтынушылардың қаражатын тартуға рұқсат
1 ЖК «Каспий» Алатауский зап. ул. Саина, сев. ул.Монке Би ТОО «Интерэкс и Компания» МИО
2 ЖК «AiSafi» Алатауский зап. ул. Саина, сев. ул.Монке Би ТОО «Интерэкс и Компания» МИО
3 ЖК «Аrena city Life А» Алатауский мкр.Ботакоз, 2/1 ТОО «Алтын сапа НС» МИО
4 ЖК «Аrena city Sport» Алатауский мкр.Ботакоз, 2/1 ТОО «Алтын сапа НС» МИО
5 МЖК «Jar-Jar» Алатауский ул. Фадеева, 38 ТОО «Golden Gate Construction» МИО
6 ЖК «Аrena city Life В» Алатауский мкр.Ботакоз, уч. 10 ТОО «AC 6» МИО
7 ЖК «Ауэзов Сити» Алмалинский пр. Райымбека, 210 ТОО «Familia House» (пятна 5-10),
ТОО «Fiesta Construction» (пятна 10-16)
МИО
8 МЖК «Tarlan» Алмалинский ул. Макатаева, 129/1 ТОО «Altyn Mura Almaty», ТОО «Primer Building» МИО
9 ЖК «РИВЬЕРА» Бостандыкский ул. Сатпаева, д.90/11 ТОО «Clover Construction» МИО
10 ЖК «Abaya 130» Бостандыкский пр. Абая, уг. ул. Хусаинова ТОО «AST Partners» МИО
11 ЖК «Lumiere» Бостандыкский пр. Аль-Фараби, р. Есентай ТОО «Есентай Corporation» МИО
12 ЖК «SATPAEV» Бостандыкский ул. Сатпаева, 90/5 ТОО «Hit Buidling» МИО
13 ЖК «Verdi» Бостандыкский ул. Егизбаева, 9/1 ТОО «Astana Realty Plus» МИО
14 ЖК «Клубный дом 44» Бостандыкский ул. Розыбакиева, 336 ТОО «BI Group Almaty» МИО
15 ЖК «VESPER» Бостандыкский квадрат ул.Попова, Сейфуллина, Аль-Фараби, Маркова ТОО «Sapphire Stroy» МИО
16 ЖК «Benelux» Бостандыкский мкр. Мирас, уч.33 ТОО «Қоянқұс building» МИО
17 ЖК «Maxima city» Жетысуский пр. Райымбека, 289 ТОО «KazSMU» МИО
18 МЖК «Raaf Park» Медеуский ул. Бекхожина, 1 ТОО «Exclusive Star» МИО
19 МЖК «Dream City Tech-A-B» Медеуский Кульджинский тракт, 80/1 ТОО «СК Акбулак-2» МИО
20 ЖК «Нурлы Дала» Наурызбайский мкр. Шугла, уч. 317-А, 317-Б ТОО «VIVAT Building» МИО
21 ЖК «White Residence» Наурызбайский мкр. «Шугыла», мкр. «Таусамалы», 49/1 ТОО «Alatau Sky Village» МИО
22 МЖК «Dream City Family A-D» Турксибский мкр. Кайрат, 135, 135/2 ТОО «САРМАТ Групп» МИО
23 МЖК «Dream City Family F-G» Турксибский мкр.Кайрат, уч. 186/1 ТОО «Almaty Engineering Solution» МИО
24 МЖК «Parasat II» Турксибский ПК им. Кунаева, 189/1 ТОО «Parasat II» МИО
25 МЖК «Dream City Family K-L» Турксибский мкр.Кайрат, уч. 186/1 ТОО «Almaty Engin Solution» МИО
26 ЖК «Rams Saiahat» Жетысуский пр. Суюнбая, 15 ТОО «Sayahat Realty» МИО
27 ЖК Altai City» Турксибский мкр .Алтай-2, ул. Лавренева ТОО «Elif Construction» КЖК
28 ЖК «Атмосфера» 4, 5 очередь Турксибский ПК «Дехан», 335/1 ТОО «Titan Development» КЖК