
2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Алматының өнеркәсіптік өндіріс көлемі 1 731,3 млрд теңгені құрап, 13,2% өсті. Өңдеу өнеркәсібі 15%-ға ұлғайып, жалпы өнеркәсіптік өндірістің 84%-дан астамын қамтамасыз етті. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді.
Айтарлықтай өсім машина жасау, минералды өнімдер, сусындар, қағаз өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, химиялық және фармацевтикалық өнімдер, сондай-ақ киім және ағаш бұйымдары өндірісінде тіркелді.
Сектордағы оң динамика қаланың ірі және орта өнеркәсіптік алаңдарындағы өндіріс көлемінің артуымен қамтамасыз етілді. Бұған дилерлердің, құрылыс компанияларының және сауда желілерінің тапсырыстарының өсуі ықпал етті.
Жыл басынан бері индустриялық аймақ пен «ПИТ» арнайы экономикалық аймағында 225,4 млрд теңге инвестициямен 10 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 13,2 млрд теңге болатын тағы 11 жобаны пайдалануға беру жоспарланған.
Индустриялық аймақта жалпы құны 658 млрд теңге болатын жүзден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар ондаған мың жұмыс орнын құрған. 2025 жылы жаңа өндіріс нысандары іске қосылып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сондай-ақ шағын өнеркәсіптік парктер іске қосылды.
«ПИТ» арнайы экономикалық аймағында цифрлық технологиялар, күн панельдері және медициналық жабдық өндірісі бағытындағы жобалар жүзеге асырылды. Жыл соңына дейін тағы екі жаңа инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр.