Алматыда 300 тоннаға жуық өнім ұсынылатын жәрмеңке өтеді

Алматыда 300 тоннаға жуық өнім ұсынылатын жәрмеңке өтеді

Алматыда Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының тауар өндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде жалпы көлемі 300 тонна болатын 50-ден астам түрлі өнім ұсынылады. Оның ішінде:
* ет өнімдері – 80 тонна,
* жеміс-жидек және көкөніс – 80 тонна,
* сүт өнімдері – 40 тонна,
* өзге де тауарлар – 100 тонна.

Жәрмеңке 22-23 қараша күндері сағат 08:00-17:00 аралығында Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аумақта өтеді.