Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы ресми түрде жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті медициналық ұйымдар тізіміне енгізілді. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында хабарлады.

Аталған шешімді Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық пен «University Medical Center» (UMC) корпоративтік қоры бірлесіп қабылдаған.

Орталықта мұндай жоғары күрделі отаны орындау үшін барлық жағдай жасалған: жоғары білікті кардиохирург, анестезиолог пен реаниматолог мамандар жұмыс істейді, заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізілген, халықаралық стандарттарға сай жоғары технологиялық жабдық орнатылған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Қалалық кардиологиялық орталықтың трансплантациялық орталықтар тізіміне енгізілуі - отандық кардиохирургияның дамуы жолындағы маңызды қадам. Бұл Алматыда аса күрделі отаны орындауға мүмкіндік беріп, пациенттердің жоғары технологиялық медициналық көмекке қолжетімдігін арттыруға және оның сапасын көтеруге ықпал етеді.