
Алматыда құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты Жамақаев пен Алдар Көсе көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Аумақ 2025 жылы 2 қараша сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін жабылады.
Қалада әл-Фараби көшесі, 36/14 мекенжайда орналасқан АҚШ консулдығының аумағынан сорғы станциясы мен сумен жабдықтау желілерін тарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Жобаға "Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы" мекемесі тапсырыс берген. Мердігер - "ПК Азия канал Құрылыс" ЖШС.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан маршрутты жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескеруін өтінеміз және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz, сайтында @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.