8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда

8 шілде. Алматы әкімдігі дағдарысқа қарсы қосымша шараларды қабылдауда

Бүгін Алматыда Мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда қаланың 2016 жылғы бюджеті нақтыланды.

«Алматы-2020» даму Бағдарламасының 7 тұжырымдарын жүзеге асыру және бұрыннан бар проблемалық мәселелерді шешу үшін қала бюджетінен 13 млрд. 122 млн. 414 мың теңге бөлу ұсынылды.

Бюджетті нақтылау барысында қалада жұмыс орындарын көп ашуға ерекше көңіл бөлінді.

«Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР-ның Үкіметі экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік инвестицияларды арттыру шараларын қабылдауда. Маңызды екі міндет бар, олар - бұрынғы жұмыс орындарын сақтау, жаңаларын ашу және халықтың табысқа жетуіне ықпал ету», - деп атап өтті әкім.

Бюджетке өзгеріс енгізу барысында қалалықтардың әлеуметтік сұраныстарына да үлкен мән берілді.

«Өздеріңіз білесіздер, үздіксіз жауған нөсер жаңбар қаланың арық жүйесіндегі олқылықтарды ашып берді, олардың 50%-ы қанағаттанғысыз жағдайда. «Алматы-2020» даму Бағдарламасының «Қолайлы қала» атты алғашқы тұжырымындағы «Таза қоршаған орта» бағыты бойынша алдағы уақытта ұзындығы 18,2 км. арық жүйесі қайта жасалады, оған жұсалатын қаржы көлемі 495 млн.теңгеден астам, сонымен қатар, 194 км арық жүйесін жүргізудің ЖСҚ жасалып, 72 км арық желісі жаңарады, оның қаржылық құны - 95,4 млн. теңге. Жалпы, бұл жұмыстардың барлығы қалағақослыған аудандарда жүзеге асады, соның арқасында нөсер жауын кезінде су басып қаупі жойылып, қала тұрығдарына жақсы жағдайлар жасалады», - деп атап өтті өзінің баяндамасында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Қиқымов.

Әкім қалаға қосылған аудандардың арық жүйесін жаңарту басты назарда екендігін жеткізді.

«Нөсерлі жауын бірқатар проблемаларды ашып берді. Бұрын бар арықтарды инвентаризациялау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, проблемалы учаскелер анықталды, алдағы уақытта олқылыктардың орнын толтыратын боламыз. Алатау және Наурызбай аудандарындағы арық желілерін жөндеу және қайта жасау үшін біз қажетті жобалық- сметалық құжаттарды дайындауға тиіспіз, өйткені бұларда арық желісіне қатысты инфрақұрылым болмаған. Демек, бұл мәселені біз жүйелі түрде шешуге тиіспіз», - деп атап өтті мегаполис басшысы Бауыржан Байбек.

38 саябақ пен скверлерде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 303,4 млн.теңге бөлу жоспарланған. «Думан» ықшам ауданынан жаңа зират үшін бөлінген 92 га жерді тиісті ретке келтіру үшін 37,4 млн.теңге, ал Шығыс айналма жолына 3 045 ағаш отырғызу үшін 29,8 млн.теңге қарастырылған.

Бұлардан өзге, орындықтар, балалар алаңдары үшін урналар мен қондырғылар қою, қаланың алты ауданындағы 290 аула ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 2 030 млн.теңге бөлінеді. Көше жарығын жаңалау және қайта жасауға 1,2 млрд.теңге қарастырылған.

«Әлеуметтік бағыттағы қала» тұжырымы негізінде әлеуметтік саланы дамытуға 3 млрд. 788 млн.теңге бөлінеді. Жекелеген азаматтар мен онконауқастарды қажетті дәрімен қамтамасыз ету үшін денсаулық саласына 1,6 млрд. теңге бөлінеді.

Білім саласын дамыту, оқу сапасын арттыру, білікті кадрлармен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы көлемі - 721,2 млн.теңге.

Жеке көмекшінің әлеуметтік қызметіне, Ардагерлер үйінің вентиляция жүйесін жөндеуге, "Инватакси" қызметіне ақы төлеуге 139,6 млн.теңге бөлінеді.

Газ жеткізетіндер ақы көлемін өсіріп отыр, соның салдарынан қала бойынша жылу тарифі 8,3%-ға өсті. Сондықтан жергілікті бюджет есебінен тұрмысы төмен отбасыларға жеке адрестік көмек көрсетілді.

2 мектептің, №9 емхананың, Психологиялық орталықтың сейсмикалық қуатын арттыратын қосалқы нысандар салуға 977,8 млн.теңге бөлінді. «ТҮКШ-тың сенімді инфрақұрылымына» қосымша 2,4 млрд. теңге, сапалы су жүйесін қамтамасыз етуге 1,3 млрд. теңге қарастырылған, осының арқасында Қарғалы өзенінің жағалауына қатысты 2 обьектінің және 6 учаскені қайта жасаудың ЖСҚ жасалады. Б. Шолақ атындағы Спорт сарайының электр желілерін жаңартуға, Түрксіб ауданындағы 43 тұрғын үйді жылумен қамтамасыз етуге 220,7 млн.теңге, «ИТК» АЭА-ның инфрақұрылым құрылыстарын аяқтауға 242,2 млн.теңге бөлінеді. Елді мекендерді газдандыруға 542,5млн.теңге қарастырылған. Қазіргі кезде тұрғындардың 95%-ы газбен қамтамасыз етілген. Бөлінген қаржы есебінен 39 км жерге газ желісі тартылып, 794 абонент газ қосылған.

«Біз бүгін қаржы бөлуді қолдау отырмыз.Жаңадан салынған «Ерменсай» қосалқы станциясы бар, ол небәрі 17 %-ға қамтылған, бірқатар желіні соған аударатын боламыз. Бұл - қаланың энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды әрі үлкен жоба», - деп атап өтті Б.Байбек.

«Қауіпсіз қала» тұжырымының «Қоғамдық қауіпсіздік» бағыты бойынша әрі ҚР Президентінің қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күшейту, террорлық қауіптің алдын алу және жедел іске кірісетін арнайы бөлімшенің 75 қызметкері тұратын жиналмалы-құрастырмалы казармалық типтегі нысан үшін 736,7 млн.теңге, ТЖ ескертулеріне және тұйық сулардың деңгейін төмендетуге қатысты 10 насос бірлігін алу үшін 63,8 млн.теңге қарастырылған.

2017 жылғы Универсиаданы өткізу үшін қосымша 695,8 млн.теңге бөлінеді, оның ішінде 450 млн теңгеге 25 қаргенераторларын, қауіпсіздікті күшейту және портативті детекторлы жарылғыш заттарды алу үшін 222,5 млн.тенге, FISU-дің наивгациялық тақтайшаларын орнату үшін 55,2 млн.теңге қарастырылған.

Осылайша, Алматы қаласының 2016 жылғы бюджеті 382 млрд. 304 млн. 308,2 мың теңгені құрады.