Алматыда абаттандыру жұмыстарынан кейін Республика күніне орай Қарасу көлінің бойында сквер ашылды

Алматыда абаттандыру жұмыстарынан кейін Республика күніне орай Қарасу көлінің бойында сквер ашылды

Алматының Алатау ауданындағы Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстары аяқталды. Қазақстан Республикасы күніне орайластырылған жобаны іске асыру осы жылдың сәуір айында басталған еді.

12 мың шаршы метрден астам алаңда ауқымды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Аумақ көркейтілді, арт-нысандар орнатылды, арық өткелі мен амфитеатр салынды. Сондай-ақ, автоматты суару жүйесі жабдықталып, көшені жарықтандыру желілері жүргізілді.

Табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалауын экологиялық жақсартуға ерекше назар аударылды.

Бүгінде барлық жұмыс аяқталды. Енді міне, сквер қала тұрғындары демалатын заманауи қоғамдық кеңістікке айналды.