Жексенбі күні Алматыда «Giro d’Almaty 2025» веложарысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Жексенбі күні Алматыда «Giro d’Almaty 2025» веложарысына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

2025 жылғы 19 қазанда Алматыда әуесқойлар мен велоспорт ардагерлері арасында дәстүрлі шосселік Giro d’Almaty веложарысы өтеді. Бұл — Қазақстандағы әуесқой велоспорттың ең беделді жарыстарының бірі.

Жарыс өткізілуіне байланысты сол күні сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу Керей – Жәнібек хандар көшесінің батыс жағында, яғни «Royal Tulip Almaty» қонақ үйінен (Керей – Жәнібек хандар көш., 401/2) бастап «Медеу» мұз айдынына дейінгі аралықта енгізіледі.

Қозғалыс шектеуі қатысушылардың бағытына қарай кезең-кезеңімен алынып отырады.
Қала тұрғындары мен қонақтарынан түсіністік танытып, бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.