Алматының Наурызбай ауданында балабақшалар жаңартылып жатыр: жыл басынан бері үш мекеме жөндеуден өтті

Алматының Наурызбай ауданында балабақшалар жаңартылып жатыр: жыл басынан бері үш мекеме жөндеуден өтті

Наурызбай ауданы әкімінің аппараты 2025 жылы аудандағы бірқатар балабақшаны жөндеу үшін қаржы бөлген еді. Соның арқасында мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, тәрбиеленушілер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта жасалды.

Бүгінде 3 балабақша жергілікті бюджет есебінен жөнделді. Соның нәтижесінде Наурызбай ауданындағы 575 бүлдіршін санитарлық және білім беру талаптарына сәйкес келетін заманауи балабақшада тәрбиеленіп жатыр.

Мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі іс-шаралар аясында 2025 жылы Наурызбай ауданындағы үш балабақшаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Олар «№193 бөбекжай-балабақша», «№45 бөбекжай-балабақша» және «№172 бөбекжай-балабақша». Аталған балабақшалардың іші әрленді, шатырлары, есіктері, едендері жаңартылды, сантехникалық торабы ауыстырылды. Балабақшалар сейсмикалық тұрғыда күшейтілді, орындықтар қойылып, айналасы қоршалып, абаттандырылды.

Наурызбай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, жүргізілген барлық іс-шаралар мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері үшін қауіпсіз, жайлы және заманауи орта құруға бағытталған.