Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді

Алматыда кезекті заңсыз коммерциялық нысан сүрілді

Кеше Мақатаев көшесі, 4а мекенжайда орналасқан Taiyaki coffee дәмханасы сүрілді, деп хабарлайды Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Жоспардан тыс тексеріс барысында меншік иесінің (жеке тұлға) нысанды жобалау-сметалық құжаттамасыз, авторлық және техникалық қадағалауларсыз тұрғызғаны белгілі болды.

Меншік иесіне нысанды бұзу жөнінде нұсқама берілді әрі әкімшілік шаралар қабылданды.

Биыл 29 қыркүйекте меншік иесі басқарма ұйғарымының талаптарын орындау үшін заңсыз құрылысты сүрді.