Алматы полициясы жол қозғалысы шектелетін ескертеді

Алматы полициясы жол қозғалысы шектелетін ескертеді

«Қайрат» пен «Реал» командалары арасындағы халықаралық футбол матчының қарсаңында Алматы полициясы қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшіп, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды қабылдады.
Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Қалалық полиция Департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын алдын ала қозғалыс шектеу сызбасымен танысуға, өз бағытын түзетуге және қозғалыстағы өзгерістерді ескеруге шақырады.
Азаматтарды түсіністік танытқаны және қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бұл шаралар уақытша сипатқа ие және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен іс-шараның жайлы өтуіне бағытталған.

Алматы қалалық полиция Департаменті Баспасөз қызметі