2025 жылы 20–21 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау ауданында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараға Тәжікстан Республикасының Хатлон облысынан келген тауар өндірушілері қатысады. Жәрмеңке «Алатау» театрынан (Момышұлы және Универсиада көшелерінің қиылысы) алдындағы автотұрақ алаңында ұйымдастырылады.
Жәрмеңкеге 40 фермер қатысып, Алматыға 200 тоннадан астам балғын ауыл шаруашылығы өнімін алып келеді. Сауда сөрелерінде маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністер, табиғи кептірілген жемістер және шығыс тәттілері болады. Қала тұрғындары мен қонақтары өнімді тікелей өндірушілерден қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңке Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, фермерлерді қолдауға және тұтынушыларды сапалы, балғын өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп, фермерлерді қолдауға және жаңа өнімнің дәмін татуға шақырамыз!