Алматыда Қала күніне орай 200-ден астам іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламалар мегаполистің барлық сегіз ауданында ұйымдастырылады. Орталық алаңдарда үлкен сахна орнатылып, танымал артистер өнер көрсетеді. Ашық аспан астындағы барлық концерт пен мәдени бағдарламаға кіру тегін. Негізгі мерекелік іс-шаралар 18-21 қыркүйек аралығында өтеді. Концерттік бағдарламалар соңғы жылдардағы дәстүр бойынша таңнан кешке дейін жалғасын тауып, алматылықтарға ерекше көңіл-күй сыйлайды және Қала күнін нағыз отбасылық мерекеге ұласады.
Мерекелік іс-шаралар аясында оркестрлер, театр артистері, танымал әншілер қала ішінде арнайы автобуспен жүріп өтеді. Олар аялдамаларға, көпқабатты үйлердің ауласына және ашық алаңдарға тоқтап, тұрғындарды перформанспен таңғалдырады. Артистер метро жолаушыларына да тосынсый дайындаған: вагон ішінде, бекеттерде танымал артистер ерекше шағын-шоу көрсетеді, сондай-ақ бекеттерде Қала күніне арналған арнайы көрме ұйымдастырылады.
Жоғары классикалық музыка мен ұлттық дәстүрлі өнердің нағыз жанкүйерлеріне де айрықша көңіл бөлінді – мерекелік бағдарлама дәл осы жобалардан бастау алады. Сонымен қатар жас әрі танымал орындаушылар мен халық артистеріерекше шығармашылық коллаборация ұсынбақшы. Айта кетейік, шаһар тұрғындары Қала күнін жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтеді.
18 қыркүйек күні сағат 19:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында «Мұра» атты классикалық музыка кеші өтеді. Ашық аспан астындағы сахнада әлемдік және қазақ классикасының жауһарлары – Штраус пен Пуччиниден бастап, Абай мен Хасанғалиевтіңтуындылар орындалады. Көрермендерге жетекші опера әншілері, хор және балет артистері өнерікөрсетеді. Бұл кеште арынды ариялар, иірімі терең романстар орындалып, мереке үздік дауысиелерінің шеруіне ұласады. Еуропалық нәзіктік пен ұлттық музыканың байлығы тоғысқан концертті тегін тамашалай аласыздар.
19 қыркүйек күні сағат 18:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында «Ән қанатындағы Алматы» атты дәстүрлі музыка кеші өтеді. Бұл – рух пен мұраның шынайы салтанаты. Сахнаға қазақ дәстүрлі өнерінің өкілдері Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ардақ Исатаева және басқа да өнер майталмандары, сондай-ақ «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі шығады. Артистер көрерменге ән, терме, жыр мен күй ұсынылып, қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасының сұлулығы мен тереңдігінен сыр шертеді. Бұл халқымыздың әлемдік өркениетке қосқан орасан үлесі ретінде көрініс табады. Іс-шараға кіру тегін.
19 қыркүйек күні сағат 19:30-да, Абай алаңында «QAZAQSHA терапия» заманауи әрі жарқын жобасы көрерменге «Ғасырлар үні» аттытеатрландырылған концерттік спектакль ұсынады. Бұл кеште әрбір әуен ұлттық болмысты оятып, ішкі үйлесімділікке жетелейді. Жоба авторлары –белгілі актер Әсет Есжан және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының артистері. Ұлттық мәдениет пен заманауи көркемдік шешімдер тоғысатын бұл шоу ерекше оқиғаға айналмақ. Артистер әр көрерменгеұлттық өнердің болашаққа сенімді әрі нық қадам басып келе жатқанын бірегей форматта көрсетуді мақсат етеді. Іс-шараға кіру тегін.
20 қыркүйек күні сағат 18:00-де «Көктөбе» саябағында «Көк-Төбе Опера – 2025» халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді. Алматылықтар мен қала қонақтары ұлттық музыка өнерінің жауһарлары мен әлемдік классикалық өнердің алтын қорына енген туындыларды тыңдап, артистердің ерекше өнерін тамашалай алады. Іс-шараға кіру тегін.
20 қыркүйек күні сағат 16:30-да ҚБТУ ғимараты алдындағы Астана алаңында Almaty Cover Show атты ауқымды музыкалық іс-шара өтеді. Әншілер 90-жылдар мен 2000-жылдардың хиттерін жаңа үлгіде орындап, хит-парадты бағындырған заманауи әндерді де ұсынады. Кештің басты хедлайнері – Ninety One тобы. Сондай-ақ,сахнада ADAM, GETTO DOGS, «Азия» тобы, Бақыт Шадаева, Qali, MATIN, Зарина Омарова, Арман Қоңыр мен Аша Матай, Ерлан Көкеев, Сейфуллин Жолбарыс, Жеңіс Ысқақова, Жазира мен Жанболат, Мөлдір Әуелбекова, Бағым Мұхитденова, Тоқтар мен Бейбіт, Мұхтар Ханзада және басқа да көптеген танымал әншілер өнер көрсетеді. Almaty Cover Show – классика, ретро және заманауи әуендер тоғысқан нағыз музыкалық марафон. Іс-шараға кіру тегін.
20-21 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Алматының Арбатында жыл сайынғы KitapFest фестивалі өтеді. Бұл баспаларды, жазушылар мен мыңдаған оқырманның басын қосатын ең ірі әдеби оқиға. Алпысқа жуық баспа мен кітап дүкендері қатысатын жәрмеңкеде қонақтар кітаптарды жеңілдікпен сатып алып, жаңа басылымдармен танысып, авторлармен тілдесе алады. Мерекелік атмосфераны заманауи интерактивті аймақтар толықтырады: TrendZone – TikTok, Instagram және YouTube стилінде, ал Estelik Zone – «Ер Төстік», «Алиса ғажайыптар елінде», «Дюна», «Кариб теңізінің қарақшылары» және басқа да аңызға айналған шығармалар желісімен жасалған фотолокациялар ұсынылады. Балалар үшін қызықты квесттер дайындалған: «Мұзды өлке» («Холодное сердце»), «Қызыл телпек», қазақ ертегісі «Қошқар мен Теке: Жоғалған қазына» және «Шоколад фабрикасының құпиялары» желісі бойынша. KitapFest – бұл жай ғана кітап жәрмеңкесі емес, бұл – екі күнге созылатын отбасылық заманауи шығармашылық алаңы. Іс-шараға кіру тегін.
21 қыркүйек күні сағат 10:30-да ҚБТУ ғимараты алдындағы Астана алаңында мерекелік концерт басталады. Сахнада Роза Рымбаева, аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблі, Зарина Алтынбаева, Жәмила Серкебаева, Біржан Хасанғалиев, Бауыржан Мусин, Аружан Данышпан, Ерлан Байназаров, Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев, Il canto квартеті, «ЖасStars» тобы, «Жаңа толқын-2025» байқауының жеңімпазы Александр Лим, Диана мен Ален Самыкеновтер, Төлеген Рахымбаев және басқа да артистер өнер көрсетеді. Іс-шараға кіру тегін.
21 қыркүйек күні сағат 17:00-де ҚБТУ алдындағы Астана алаңында «Aspan FM» музыкалық фестивалі басталады. Қала күніне орай көпшіліктің сүйікті радиостанциясы – «Aspan FM» және қала әкімдігі танымал артистермен бірге алматылықтар мен қала қонақтарына ұмытылмас көңіл-күй сыйлайды. Фестиваль барысында артистер қызыл кілем үстімен жүріп өтеді. Сахнада Қайрат Нұртас, TURAR, 6ellucci, «МузАрт» тобы, Бүркіт пен Айша, Медеу Арынбаев, Тамара Асар, Құрмаш Маханов, Бағлан Әбдірайымов, Кеңес Әлімжан, BYTANAT, Еркеш Хасен, Ақылбек Жеменей, Алан Черкасов, Асхат Тарғын, Өмірқұл Айниязов, Заттыбек Көпбосынұлы, Райым Уайс, INJU, Әзиз Балтабекұлы, Ұлжан Ағлақова, Жәнібек Бестерек, DARO, Аян Байжігіт, DONY, Асыл Ұлықман, Ерболат Ержанбаев, Гүлнұр Оразымбетова, Ақбота Керімбекова, Бақыт Тұрман, сондай-ақ «МузАрт Лайф», «JasStars», «Алашұлы» топтары және басқа да танымал орындаушылар өнер көрсетеді. FK KAIRAT балалар хорының сахнаға шығып, әйгілі әртістермен бірге өнер көрсетуі кештің көрігін қыздырмақ. Іс-шараға кіру тегін.
21 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде ауқымды Digital Fest Almaty цифрлық фестивалі өтеді. Мәдениет саласындағы мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу барысында жасанды интеллект құралдары күн санап кеңінен қолданылып келеді, ал мұндай мереке қала тұрғындарын жаңа цифрлық шешімдермен таныстыратын бірегей алаңға айналуда. Биыл да дәстүрге сай Панфилов көшесі инновация орталығына айналып, әрбір жан цифрландырудың мүмкіндіктерін көріп, сезіне алады. Қонақтарды «Болашақ сферасы», «Цифрлық алма», VR-көзілдірігі арқылы түрлі ойындар, «Калейдоскоп» фотозонасы және басқа да қызықты digital-алаңдар күтеді. Панфилов көшесінде робот-суретшіқонақтардың портреттерін салады, робот-фотограф пен робот-оператор мерекелік атмосфераны нақты уақыт режимінде түсіріп отырады. Осындай цифрлық кейіпкерлер фестивальді көрнекі ғана емес, барынша интерактивті етеді. Фестиваль отбасыны, жастар мен технология саласының мамандарын және бүгіннен-ақ болашақ әлеміне қадам жасағысы келетіндерді біріктіреді. Іс-шараға кіру тегін.
21 қыркүйек күні сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Тұңғыш Президент саябағында «Alma Fest – 2025»алма фестивалі өтеді. Дәстүр бойынша саябақ аумағы молшылық пен ұлттық дәстүрлердің ауқымды мерекесіне айналады. Қонақтар үшін алма жәрмеңкесі, этноаймақ, қолөнер және гастрономиялық алаңдар, балмұздақ фестивалі, ашық аспан астындағы кинотеатр және басқа да қызықты іс-шара ұйымдастырылады. Фермерлер 100 тонна алма алып келеді.
Күні бойы DJ Dimash, DJ Angel, DJ Akhmetoff және DJ Big Boy сынды танымал диджейлер әуенмен әрлейді. Мерекенің шарықтау шегі үлкен концертті айтуға болады. Сахнада Әли Оқапов, QANAY, Еркеш Хасен, Royals Band, Talisman Band, ADEMI, BONAPART, ASTRA, Akimmich, Kesh You, Aya Funk, COLORIT, IONE және From.KZ өнер көрсетеді.
Alma Fest – музыка, дәстүр, гастрономия және ашық аспан астындағы отбасылық демалысты тоғыстыратын күздің ең жарқын оқиғаларының бірі болмақ. Іс-шараға кіру тегін.
21 қыркүйек күні сағат 12:00 мен 15:00-де Тұңғыш Президент саябағында алматылықтар мен қала қонақтарын әсерлі цирк шоуы күтеді. Ол үшін саябақта арнайы Шапито орнатылады. Акробаттар, әуе гимнасттары, жонглерлер, шебер эквилибристер және көңілді сайқымазақтар өнер көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Билеттерді іс-шара күні шатыр жанындағы кассадан алуға болады. Бағасы –3000–4000 теңге аралығында.
Жалпы, Алматыда Қала күні аясында қаланың барлық ауданында экологиялық акция, жалпықалалық сенбілік, флешмоб, әр кітапханада әдеби кеш, музейлерде тақырыптық көрме өтеді. Бұдан бөлек, әлеуметтік маңызы бар нысандардың ашылуы, спорттық жарыстар, мәдени және қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шаралар жоспарын Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтынан көруге болады.
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу күні мен уақыты |
Өтетін орны |
|
НЕГІЗГІ ІС-ШАРАЛАР
|
||||
1. |
«МҰРА» open-air классикалық музыка фестивалі |
18 қыркүйек 19:00 |
Абай алаңы |
|
2. |
«Ән қанатындағы Алматы» дәстүрлі музыкалық кеші |
19 қыркүйек 18:00 |
Абай алаңы
|
|
3. |
«Қазақша терапия» дәстүрлі музыкалық кеші |
19 қыркүйек 19:30 |
Абай алаңы |
|
4. |
«Backstreet Boys» тобының мерекелік концерті |
19 қыркүйек 19.00 |
Орталық стадион (коммерциялық концерт) |
|
5. |
«Көк-Төбе опера» халықаралық классикалық музыка фестивалі |
20 қыркүйек 18:00 |
Көк-Төбе саябағы |
|
6. |
«Almaty Cover Show» музыка фестивалі
|
20 қыркүйек 17:00 |
Астана алаңы |
|
7. |
«Kitap Fest» кітап фестивалі |
20-21 қыркүйек 10:00 |
Арбат Жібек жолы д-лы |
|
8. |
«Digital Fest Almaty» заманауи интерактивті фестивалі |
21 қыркүйек 10:00 |
Панфилов көшесі |
|
9. |
Алматы қаласы күніне арналған салтанатты концерт |
21 қыркүйек 10:30 |
Астана алаңы
|
|
10. |
«Alma Fest» дәстүрлі алма фестивалі |
21 қыркүйек 10:00 |
Тұңғыш Президент атындағы саябақ |
|
11. |
«AspanFM» музыка фестивалі |
21 қыркүйек 16:30 |
Астана алаңы
|
|
12. |
«Мың құлпырған Алматы» музыкалық театрландырылған қойылым |
21 қыркүйек 19:00 |
Тұңғыш Президент атындағы саябақ |
|
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКО АКЦИЯЛАР |
||||
13. |
«Бақытты балалық» атты шарасы аясында балалар үйлері тәрбиеленушілері, аз қамтылған отбасының балалары және көпбалалы отбасылардың балаларына Зообаққа тегін экскурция ұйымдастыру |
Қыркүйек айының соңына дейін экскурсия тегін жүргізіледі
|
Алматы зоологиялық саябағы
|
|
14. |
Қала күнін мерекелеу аясындағы сенбілік |
13 қыркүйек 9:00 |
Ғылым ордасының алаңы |
|
15. |
«Taza audan» экологиялық акциясы |
13 қыркүйек. 10:00 |
«Сарыарқа» саябағы |
|
16. |
Балалар шығармашылығының жәрмеңкесі |
13-14 қыркүйек 9:00 |
«Орталық Мәдениет және Демалыс саябағы, СК Халык арена, |
|
17. |
«Алматы-аялдамасы» мерекелік мобильді концерт.Арнайы автобус қала аумағында жүріп өтеді. |
15-19 қыркүйек 15:00 |
Алматы қаласы |
|
18. |
«Алматы Жүрегімде» концерт |
16 қыркүйек 11:00 |
«Ақ қайың» сауықтыру кешені |
|
19. |
Алма жәрмеңкесі «Алматының алмасы-ай» |
19 қыркүйек 15:00 |
«Сарыарқа» саябағы |
|
20. |
Баум тоғайының аумағына тазалау жұмыстарын жүргізу |
20 қыркүйек 10:00 |
Баум тоғайы |
|
21. |
Қала күніне арналған «Таза аула – Таза қала» атты жалпы аудандық сенбілік |
20 қыркүйек 10:00 |
Абай даңғылының бойы (Назарбаев даңғылынан, Тлендиев көшесіне дейін) |
|
22. |
«Барша балаға ортақ шаттық». Наурызбай ауданындағы әлеуметтік осал топқа (мүмкіндігі шектеулі, азқамтылған, жетім және т.б.) жататын балаларды кинотеатрларға тегін апару |
20-30 қыркүйек 11:00 |
Алматы кинотеатрлары |
|
23. |
Ашық есік күні» акциясы |
21 қыркүйек 10:00 |
«Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қарасты барлық музейлерде |
|
МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРАЛАР (көрмелер, әдеби кештер, флешмобтар, конкурстар, спектакльдер, концерттер)
|
||||
24. |
Қала күніне арналған «Алматыға арнау: балалар әуені» мерекелік концерт |
16 қыркүйек 11:00 |
Шұғыла шағын ауданы 347/4
|
|
25. |
«Ару қалам Алматым, жайқалған сен гүлімсің» әдеби сағаты |
16 қыркүйек 11:00 |
№ 6 кітапхана |
|
26. |
«Тарихы терең-Алматым» Әдеби кеш |
16 қыркүйек 17:00 |
№ 14 кітапхана |
|
27. |
«Алматы – арман қала» атты концерт |
16 қыркүйек 11:00 |
Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы |
|
28. |
«Біз Алматықаласын білеміз бе?» атты зияткерлік викторина |
16 Қыркүйек |
Алматы Менеджмент және сервис коледжі |
|
29. |
«Алматы – Өнер мекені» кино кеші
|
16 қыркүйек 19:00 |
ALT университеті олар. Тынышпаева М (Шевченко к-сі., 97) |
|
30. |
«Қалама деген махаббат» эссе/видео байқауы
|
16 қыркүйек 15:00
|
«Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті» (Гоголь көш., 114) |
|
31. |
Алматы қаласы күніне арналған концерттік бағдарлама |
16 қыркүйек 14:00 |
«Алматы технологиялық университеті» АҚ (Төле би к-сі., 100) |
|
32. |
«Алматы-арман қала» концерт |
16 қыркүйек
|
Alatau Creative hub Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығы |
|
33. |
«Үлкен қаланың жасыл бұрышы» онлайн-экскурсия |
17 қыркүйек 14.00 |
Алматы зоологиялық саябағы
|
|
34. |
«Алматым – бақ мекенім!» тақырыбында көрме |
17 қыркүйек 11:00
|
С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешені С. Мұқановтың музей-үйі |
|
35. |
«Өз өнеріңді көрсет» флешмоб |
17 қыркүйек |
Алматы зоологиялық саябағы |
|
36. |
«Big Apple Almaty» |
17 Қыркүйек |
Айнабұлақ шағын ауданы |
|
37. |
«Алматы – Арман қала» атты сурет байқауы |
18 қыркүйек 10:00 |
«Самғау» даму және шығармашылық орталығы |
|
38. |
Қала күніне орай «Ашық аспан астындағы» кинкөрсетілім |
18 қыркүйек 19:00 |
«Атакент» көрме орталығы |
|
39. |
«Зообақ тарихынан» архивтік видео |
18 қыркүйек |
Алматы зоологиялық саябағы |
|
40. |
«Менің сүйіті қалам» атты мастер-класс |
18 Қыркүйек |
«Art skill» өнер мектебі |
|
41. |
«Әсем қала» «Самрұқ» заманауи би труппасының және «Арқайым» дуэті концерттік қойылымы |
18 қыркүйек 17:00 |
ҚР Тұңғыш Президент саябағы |
|
42. |
«Ән домбыра» Дәстүрлі әншілер, Саят Нұрғазин мен Марта Төлепберген өнер көрсетеді |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Жібек жолы» бекеті |
|
43. |
«Арқайым» дуэті вагон ішінде өнер көрсетеді. |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Байқоңыр» бекеті |
|
44. |
Абик Жексен «Сен қасымда болмасаң» акустикалық гитарамен вагон ішінде өнер көрсетеді. |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Алмалы» бекеті |
|
45. |
Дәурен Байбөрі баянмен вагон ішінде өнер көрсетеді. |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «М. Әуезов театры» бекеті |
|
46. |
«Сағындырған әуендер – ай» Бейсеқожа Ғаламат пен «ASU» ФЭК өнер көрсетеді. |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Байқоңыр» бекеті |
|
47. |
«Струны души» Жамиля Серкебаева өнер көрсетеді |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Алмалы» бекеті |
|
48. |
«Алматы махаббатым» «Жаңа ғасыр» театрының концерттік қойылымы. |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «М. Әуезов театры» бекеті |
|
49. |
«Гүл Алматым» Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрі өнер көрсетеді. (Квартет) |
18 қыркүйек
|
Алматы қ. метрополитені, «Алатау» бекеті |
|
50. |
«Дарабоз композитор Нұрғиса Тілендиев: Тарих толқынында – 100 жыл» мерекелік концерт |
18 қыркүйек 15:00 |
Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі |
|
51. |
«Open Stage» жобасы – шығармашыл жастар мен қала тұрғындарына өз өнерін еркін көрсетуге мүмкіндік беретін ашық алаң |
19 қыркүйек 14:00 |
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі |
|
52. |
«Бір қала – бір жүрек» мерекелік концерт |
19 қыркүйек 19:00 |
Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі |
|
53. |
«Алтын сақа» ұлттық және спорттық ойын түрлерін біріктіретін жарыс |
19 қыркүйек
|
Сквер Сарыарқада 4 шағынауданы |
|
54. |
«Ғажайып күй» мерекелік концерт |
19 қыркүйек 11:00 |
Панфилов к-сі |
|
55. |
«Алматыдай бар ма қала» мерекелік концерт |
19 қыркүйек 14:00 |
Панфилов к-сі |
|
56. |
«Жаңа ғасыр» театрының «Алматы махаббатым» атты театрландырылған концерттік қойылымы |
19 қыркүйек 19:00 |
Республика сарайы |
|
57. |
«Балалар көзімен жануарлар әлемі» Балалар суреттерінің көрмесі |
19 қыркүйек |
Алматы зоологиялық саябағы |
|
58. |
«Өнер Мекені – Алматым» мерекелік концерттік бағдарлама |
19 қыркүйек |
Аудан аумағы |
|
59. |
«Алматыда бір өлеңім бар еді...» әдеби-сазды кеш |
19 қыркүйек 17:00 |
№24 кітапхана |
|
60. |
«Қуыршақ думан» спектаклінің қайырымдылық көрсетілімі |
19 қыркүйек 17:00 |
Мемлекеттік қуыршақ театры Пушкин көшесі, 63 |
|
61. |
«Алматы әуендері» ашық аспан астындағы аудан тұрғындарымен караоке кеш |
19 қыркүйек 19:00 |
Амфитеатр алаңы, Шұғыла ш/а, 347 |
|
62. |
«Әуенмен өрілген өркениет» жылжымалы фотокөрме |
15-21 қыркүйек 10:00
|
«М. Әуезов атындағы драма театры» бекеті |
|
63. |
«Куә бол, Алатау!» атты жылжымалы фотокөрме |
15-21 қыркүйек 10:00
|
«Сарыарқа» бекеті |
|
64. |
«ХХ ғасырдағы Алматы» және «Бірегей ғимараттар дәуірі» атты жылжымалы фотокөрме |
15-21 қыркүйек 10:00
|
«Сайран» бекеті |
|
65. |
«Мен Алматы тарихын білемін» тақырыбында сынып сағаттар |
19 Қыркүйек
|
Қала мектептері |
|
66. |
«Сағындым Алматымды...» Белсенді ұзақ өмір сұру орталығы ардагерлерінің қатысуымен мерекелік концерттік іс шарасы |
20 қыркүйек 15:00 |
«Family park» Отбасылық саябағы |
|
67. |
Қала күніне «Даму бала» жобасы аясында қызмет көрсететін компаниялар ұйымдастыратын балалар фестивалі |
20 қыркүйек 14:00 |
Амфитеатр алаңы, Шұғыла ш/а, 347 |
|
68. |
«Ертегіге толы Алматы» мерекелік ойын-сауықтық бағдарлама |
20 қыркүйек 14:00 |
28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы |
|
69. |
«Алматыға арнау» атты ашық аспан атындағы фестивальі |
20 қыркүйек 10:00 |
«Атакент» көрме орталығының алдындағы алаң |
|
70. |
«Абай» Опера |
20 қыркүйек 18:00 |
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры |
|
71. |
Балалар шығармашылығының жәрмеңкесі |
20-21 қыркүйек, 9.00 |
«Достық Plaza», Рамстор сауда орталығы алаңдарында |
|
72. |
«Шапито» цирк Қазақ мемлекеттік циркінің жеке цирк бағдарламасының қойылымдары |
21 қыркүйек 12:00, 15:00 |
Тұңғыш Президент атындағы саябақ |
|
73. |
«Аққу көлі» балеті |
21 қыркүйек 18:00 |
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры |
|
74. |
«Арман қала – Алматы» мерекелік концерті |
21 қыркүйек 12:00 |
Алатау ауданында өтетін концерт |
|
75. |
«Сағындым Алматымды» мерекелік концерті |
21 қыркүйек 13:00 |
Астана алаңы |
|
76. |
«Ару қала – Алматы» театрландырылған концерт |
21қыркүйек 14:00 |
Астана алаңы |
|
77. |
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория студенттерінің флешмобы |
21 қыркүйек 11:00 |
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Е.Рахмадиев атындағы ҮКЗ алдындағы алаң |
|
78. |
«Әуен дастаны» мерекелік концерт |
21 қыркүйек 12:00 |
Алматы Галереясы Достық к-сі, 44 |
|
79. |
«Алма+ fest» фотокөрмесі |
21 қыркүйек 10:00 |
Тұңғыш Президент атындағы саябақ |
|
80. |
«Алматы - өнер мен ертегінің мекені» – Қуыршақ театры ұсынатын шеберлік сағаты |
21 қыркүйек, 12:00 |
Арбат, Панфилова
|
|
81. |
Ашық аспан астындағы кино кеш |
21 қыркүйек, 19:00 |
Амфитеатр алаңы, Шұғыла ш/а, 347 |
|
82. |
«Менің қалам-Алматы» фотосуреттер көрмесі |
21- 30 қыркүйек |
Бауыржан Момышұлы метро бекеті |
|
83. |
«Алматының көшелері» фотосуреттер көрмесі |
21- 30 қыркүйек |
Бауыржан Момышұлы метро бекеті |
|
84. |
«Алматым – әсем қала» әдеби кеші |
23 қыркүйек 12:00 |
Alatau Creative Hub |
|
85. |
«Мен Алматы қаласының тарихын білемін» атты конкурс |
2-21 қыркүйек |
Алматы музейі |
|
86. |
«Бірлігі жарасқан ел» Этномәдени бірлестіктер көрмесі |
Қыркүйек |
Алматы музейі |
|
87. |
Ауданның шығармашылық ұйымдарының сурет көрмесі |
Қыркүйек |
Сауранбаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолы |
|
СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР |
||||
88. |
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында боулингтен спорттық жарыс
|
1 қыркүйек 11:00 |
«Он қоғам» мүгедектер қоғамы «Бастау» боулинг орталығы (келісім бойынша) (Жамбыл к-сі, 168а) |
|
89. |
Қала күніне орай футболдан аудан әкімінің жүлдесі үшін турнир |
13 қыркүйек |
Орталық стадион (манеж)
|
|
90. |
Бостандық ауданы әкімінің жүлдесі үшін Бокстан жасөспірімдер арасында ашық турнир |
14қыркүйек 9:30 |
Қожабеков к-сі, 6 |
|
91. |
Шахматтан ауданаралық турнир |
19 қыркүйек, 11:00 |
Әшімов к-сі, 299 |
|
92. |
Қала күніне арналған дзюдодан жарыс |
19 Қыркүйек |
«Жас Қанат» дене шынықтыру сауықырту кешені |
|
93. |
Тұрғындар арасында ұлттық ойындар жарысы |
20 Қыркүйек 12.00 |
СК Халык арена |
|
94. |
Туған күніңмен – Алматы! мерекелік іс-шара |
20 Қыркүйек 11.00 |
СК «ХАЛЫК АРЕНА» |
|
95. |
«Kids Athletics» жеңіл атлетика жарысы
|
20 қыркүйек |
Көп функционалды спорт кешені «Almaty Arena» |
|
96. |
«Turksib CUP 2025» стритболдан аудан жастары арасында жарыс |
20 Қыркүйек |
С.Сейфуллин атындағы саябақ |
|
97. |
Алматы қаласы діни конфессиялар көшбасшылары Клубының мүшелерінің қатысуымен Отбасылық спартакиада өткізу |
20 қыркүйек |
Спорттық алаң, демалыс орны
|
|
98. |
«Доджбол» бойынша қалалық ашық чемпионат |
22-26 қыркүйек |
№128 жалпы білім беретін мектеп |
|
99. |
Шахмат үйірмесі жарыс |
24 қыркүйек 11:00 |
Тарғап к-сі, 27 |
|
100. |
Аула жастары арасында футболдан жарыс |
26 қыркүйек 11:00 |
«Алма сити – 2,3,4,5» |
|
АУДАНДЫҚ НЕЗІГІ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР |
||||
101. |
«Алматы – сүйікті қалам» мерекелік кеш |
19 қыркүйек 15.00 |
«Family park» Отбасылық саябағы Әуезов ауданы әкімінің аппараты |
|
102. |
Қала күніне арналған «Жасай бер, Алматы!» атты аудандық іс-шара |
19 қыркүйек 16.00 |
М. Ганди атындағы саябақ Алмалы ауданы әкімінің аппараты
|
|
103. |
«Алматы – арман қала!» аудандық мерекелік концерт |
19 қыркүйек 11.00 |
Гүлдер саябағы Жетісу ауданы әкімінің аппараты |
|
104. |
Қала күні мерекесіне орай мерекелік концерт |
20 қыркүйек 17.00 |
Алматы арена алаңы Алатау ауданы әкімінің аппараты
|
|
105. |
Қала күні мерекесіне орай мерекелік концерт |
20 қыркүйек 17:00 |
Шұғыла ш/а, 347 Амфитеатр Наурызбай ауданы әкімінің аппараты |
|
106. |
Туған күніңмен – Алматы! мерекелік іс-шара |
20 қыркүйек 11.00 |
Халық арена Медеу ауданы әкімінің аппараты |
|
107. |
Қала күніне арналған аудандық мерекелік іс-шара |
20 қыркүйек 11.00 |
С. Сейфуллин атындағы саябақ Түрксіб ауданы әкімінің аппараты |
|
108. |
«Гүлдене бер, әсем қала - Алматы» атты мерекелік іс-шара |
21 Қыркүйек 10.00 |
«Атакент» ҚІЫО АҚ Бостандық ауданы әкімінің аппараты |
|
НЫСАНДАРДЫҢ АШЫЛУЫ |
||||
109. |
«Almaty Museum of Arts» музейі |
12 қыркүйектен бастап |
Аль-Фараби даңғылы, 28 |
|
110. |
«Genesis» автосалонының салтанатты ашылуы |
10 қыркүйектен бастап |
Аль-Фараби даңғылы, 155/1 |
|
111. |
«Целинный» заманауи мәдениет орталығының ашылуы |
13 қыркүйектен бастап
|
Масанчи к-сі, 59 |
|
112. |
«Симба Кидс» жекеменшік балабақшаның салтанатты ашылу |
16 қыркүйек |
Әбіш Кеекілбайұлы к-сі, 32а |
|
113. |
«Жұлдызды Арман» жекеменшік балабақшаның салтанатты ашылу |
17 қыркүйек |
Журавлев к-сі, 22 |
|
114. |
«ХҚБ» бағдарламасы бойынша Абай даңғылында жер тілімнің ашылуы |
17 қыркүйек 17:00 |
Тілендиев к-сі қиылысы |
|
115. |
«Литтл Бии» жекеменшік балабақшаның салтанатты ашылу |
18 қыркүйек |
Құсайынов к-сі, 188 |
|
116. |
Бокс саябағы |
19-20 қыркүйек 17:00 |
Розыбакиев к-сі, 1/1 және 1/2 |
|
117. |
«ХҚБ» бағдарламасы бойынша ауланың ашылуы |
20 қыркүйек 17:00 |
Қарасай батыра к-сі, 134 |
|
118. |
«А-клиник» отбасылық дәрігерлік пункті |
20 қыркүйек |
Ерменсай» ықшам ауданы |
|
119. |
Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғимаратын декоративті түнгі жарықтандыру жұмыстарынан кейін салтанатты жағу рәсімі |
20 қыркүйек |
Сәтпаев к-сі, 22 |
|
120. |
Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ жаңа ғимаратының салтанатты ашылуы |
20 қыркүйек 11.00 |
Медеу ауданы, Бегалин к-сі 82 ,Мамандандырылған «Жанұя» кешені КММ |
|
121. |
Қала күніне орай Торайғыров көшесінің бойындағы қоғамдың кеңістіктің салтанатты ашылуы |
21 қыркүйек |
Торайғыров көшесінің бойы |
|
122. |
Аль-Фараби атындағы ҚҰУ ғимаратын декоративті түнгі жарықтандыру жұмыстарынан кейін салтанатты жағу рәсімі |
21 қыркүйек |
Аль-Фараби даңғылы, 71, 9 |
|
123. |
«Келешек мектебі» форматындағы жаңа мектептердің ашылуы
|
30 қыркүйек 09:00
|
№219 мектеп (Құрамыс шағынауданы) № 220 мектеп (кульджинка) № 221 мектеп (Шұғыла ы/а, Сәбденов көшесі) №222 мектеп (Рыскулова-Ашимова) №224 мектеп (Егизбаева,9) |
|