Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерейлі мереке – мемлекетіміздің тәуелсіздігі, еркіндігі мен таңдау құқығы сынды басты құндылықтарды айшықтайды.

Конституция әрбір азаматтың сөз бостандығы мен ой еркіндігінің кепілі бола отырып, еліміздің болашағын бірге құру үшін сайлауға қатысу құқығын береді.

Алматы – тәуелсіздігіміздің алтын бесігі, Қазақстанның іргетасы алғаш қаланған қала. Ол өзінің зеңгір көк аспанында еркіндіктің көк туын тұңғыш желбіреткен шаһар.

Баршаңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Елімізде бірлік пен ынтымақ артып, Қазақстанымыздың еңсесі биік, іргесі берік болсын!

Мереке құтты болсын!