Алматы әкімі «Қайрат» футбол клубын Чемпиондар лигасына шыққанымен құттықтады

Алматы әкімі «Қайрат» футбол клубын Чемпиондар лигасына шыққанымен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды «Қайрат» футбол клубын тарихи жетістігімен – УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алуымен шын жүректен құттықтады.

Әкімнің айтуынша, алматылық команда жоғары шеберлігін, рухының мықтылығын көрсетіп, жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйлады және күллі елдің мақтанышына айналды.

«Клубқа алдағы уақытта да жеңістер тілеймін, Еуропа аренасында сәтті өнер көрсетсін! Алматыда жаңа заманауи стадионның салынуы бүкіл қазақстандық футболдың дамуына үлкен серпін беретініне сенімдімін. Жеңіс құтты болсын!», – деді Дархан Сатыбалды.