2025 жылғы 26 тамызда сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарымта матч өтеді. «Қайрат» (Алматы) пен «Селтик» (Глазго) командалары Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне жолдама үшін бақ сынайды. Жеңілген команда Еуропа лигасында өнерін жалғастырады. 21 тамызда Глазгодағы «Селтик Парк» стадионында өткен алғашқы ойын тең есеппен аяқталған еді. Сол себепті алдағы кездесу шешуші әрі тартысты болмақ.
Жанкүйерлердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды ұйымдастыру шаралары көзделген:
* Ұлттық гвардияны қосқанда 2000-нан астам полиция қызметкерлері жұмылдырылады;
* жоғары жылдамдықты интернетке қосылу, резервтік электрмен жабдықтау, медициналық кезекшілік, санитарлық инфрақұрылым және экологиялық шаралар.
Жанкүйерлер үшін қаланың негізгі нүктелерінен Орталық стадионға дейін және кері қарай тегін автобус маршруттары ұйымдастырылған:
* Қалқаман ш/а (№7 қалалық аурухана аялдамасы) - Орталық стадион.
* Орбита ш/а (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
* Айнабұлақ ш/а (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) - Орталық стадион.
* «Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт) - Орталық стадион.
* Алматы-1 теміржол вокзалының аялдамасы - Орталық стадион.
* Алматы-2 теміржол вокзалының аялдамасы-Орталық стадион.
* Наурызбай ауданының ХҚКО - Орталық стадион.
* Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы жанындағы аялдама.
Көлік бағыттары сағат 18:00-де басталады.
Стадион 18:45-те ашылады.
Барлық футбол жанкүйерлерін команданы қолдауға және тарихи оқиғаның жанкүйері болуға шақырамыз!