2025 жылдың сәуір айында Алатау ауданы әкімінің аппараты Қарасу көлінің бойындағы скверді абаттандыру жұмыстарын бастаған еді. Жоба аясында мынадай жұмыстар орындалды: бейімделген өсімдіктерді қолдана отырып, аумақты көгалдандыру, кешкі уақытта жайлы және қауіпсіз болуды қамтамасыз ету үшін көше жарығын орнату; қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізу үшін амфитеатр салу, ауданның рухы мен мәдени ерекшелігін көрсететін арт-объектілерді монтаждау; гранитті баспалдақ, гранитті парапет қосылған абаттандыру элементтерін төсеу, тас кілем.
Жобаны іске асыру барысында табиғи рельефті сақтауға және Қарасу көлінің жағалау аймағының экологиялық жағдайын жақсартуға ерекше назар аударылды. Барлық жұмыстар тұрақты даму қағидаттары мен табиғатты қорғау нормаларын сақтай отырып орындалады.
Аудан тұрғындары мен қонақтары үшін жайлы, экологиялық таза және қауіпсіз демалыс аймағын құруға, сондай-ақ ландшафттық және мәдени дизайн элементтері бар заманауи қоғамдық кеңістікті қалыптастыруға бағытталған жобаға жергілікті тұрғындар оң бағасын берді. Аудан тұрғыны Айнагүл Шалова өткен жылы бұл аймақты қалың шөп басып, шаң көтерілгенін, қазір аумақтың танымастай өзгергенін айтты,
Мен көршілеріммен бірге осы аумақты абаттандыру мәселесін бірнеше рет көтеріп, оны жергілікті чатта талқыладым. Оны суретке түсіріп, "Балалармен қайда жүруге болады" деген сұрақпен әкімдікке жібердік? Уақыт өте келе Алатау ауданының әкімдігі біздің өтінішімізге назар аударды.
Бұрын үш немереммен біз өзге жердегі саябақ аймақтарына қиналып баратынбыз. Енді демалыс орны өзімізде бар. Балалар велосипедтер мен скутерлерде серуендейді, әртүрлі карусельдік әткеншектерде көңіл көтереді, барлық жағдайлар жасалған. Орнатылған жарық шамдары кешке қарай ұзақ серуендеуге мүмкіндік береді. Біз ризамыз", - деді аудан тұрғыны.
Айта кетейік, Алатау ауданында тағы бір жоба жүзеге асырылды.
2025 жылдың сәуір айында Алатау ауданы әкімінің аппараты мердігер ұйыммен - "Жақсылық мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Саялы - 2 шағынауданындағы Арқалық көшесіндегі скверді абаттандыру жұмыстарын бастаған болатын. Абаттандырылған аумақтың жалпы ауданы 6000 шаршы метрді құрады.
Жобаның негізгі мақсаты халықтың барлық санаттарына, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарт азаматтарға және балалары бар отбасыларға қолжетімді жайлы, экологиялық таза және қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру болды. Алаң аудан тұрғындары үшін ашық ауада демалу және демалыс мәдениетін дамытуға ықпал ететін жаңа демалыс нүктесі болуға арналған.
Абаттандыру аясында аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, көше жарығы және арт-объектілер, киіз үй және "ақ орындық" орнатылды, бұлардың барлығы тыныштық, мейірімділік пен өзара түсіністік белгісне айналды. Барлық жұмыстар заманауи абаттандыру талаптарын, қолжетімді ортаны және қалалық ортаның тұрақты дамуын ескере отырып жүргізілді.
Сәуле Еркебаева - жобаның авторлары мен бастамашыларының бірі. Ол Саялы-2 шағынауданы |Арқалық көшесіндегі өзгерістерге Алатау ауданының билігін тарту бойынша үлкен жұмыс жүргізді.
- Мен жергілікті ОСИ-дің өкілімін және бізде негізінен балалар ойнайтын орындар бар Бірақ көршілер, олардың арасында қарттар мен мүгедектер маған: "Біз демалатын орын болса ғой» деп сауал тастады. Кейін пікірлес азаматпен бірге екеуміз Алатау ауданының әкімдігіне жүгіндік. Өйткені, біз «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын білетінбіз. Сол жобаны негізге алып, аумақты абаттандыруды ұсындық. Бұрын бұл аумақ иесіз жатты, кейін стихиялық автотұраққа айналды. Мердігерлер мен аудан әкімінің, талқылаулар мен кеңестердің арқасында жаяу серуендеуге болатын демалыс аумағы пайда болды. Қарт адамдар да, отбасы мүшелері де, мүмкіндігі шектеулі адамдар да мұнда жақсы серуендеп, демалады. Ең бастысы, біздің тұрғылықты жерімізге жақын.
Раушан - Саялы шағын ауданының тұрғыны, күн сайын демалыс аймағына барады әрі оған көрнекі өзгерістер өте ұнайды:
– Маған киіз үйдің дизайны өте ұнайды, заманауи және сонымен бірге этно-стильде жасалған. Серуендейтін аймақтың пайда болғанына қуаныштымыз. Мұнда кешке қарай шамдар жарқырап жанып тұрады,бұл ең алдымен біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Біз ауданның көркейіп, дамып жатқанына ризамыз!