Алматыда қалалық басқарудың жаңартылған құрылымы бекітілді

Алматыда қалалық басқарудың жаңартылған құрылымы бекітілді

Сессия аясында депутаттар бірқатар маңызды шешімді қарапқолдадыСоның ішінде қаланы басқарудың жаңартылған схемасы бекітілдіӨзгерістер әкімшілік құрылымның тиімділігін арттыруға және Үкімет бекіткен базалық құрылымға сәйкестендіруге бағытталғанАтап айтқанда

экономика басқармасы мен Қаржы басқармасы біріктіріліпЭкономика және қаржы басқармасы болып құрылды

қоғамдық даму басқармасы Ішкі саясат басқармасы болып қайта аталды

қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы Сәулет және қала құрылысы басқармасы болып өзгертілді

сейсмикалық қауіпсіздік және мобилизациялық дайындық басқармасы Мобилизациялық дайындықаумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы болып қайта құрылды

коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы болып аталды

Жолкөлік саласын қайта ұйымдастыруға ерекше назар аударылдыҚалалық мобильділік басқармасы екі дербес органға бөлінедіОлар

жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы – қоғамдық көліктіпаркинг кеңістігінбағдаршам нысандарынжол таңбалары мен белгілерін реттеу функцияларын орындайды

жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы – жол желісінкөлік торабы нысандарын (ТПУ), метро, LRT, BRT және аялдама кешендерін салу мен дамытуға жауапты

Барлық өзгеріс Үкімет бекіткен қала әкімдігі аппаратының штат санын сақтау аясындаішкі қайта бөлулер арқылы бюджеттен қосымша шығынсыз жүзеге асырылады

Сонымен қатар депутаттар Қазақстан Республикасының жаңартылған Су кодексіне сәйкес әзірленген Алматы қаласында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіттіҚұжат тұрғындардың су айдындарына еркін қол жеткізуінқоршаған ортаны қорғауды және санитарлық талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталғанЖергілікті деңгейде алғаш рет ортақ су айдындарында азаматтардың демалысбалық аулау және туризммен айналысу құқығын кепілдендіретін жария  су сервитуты қағидаты бекітілді

Басқа да шешімдердің қатарында депутаттар Алматы қаласында адам саудасына қарсы ісқимыл жөніндегі комиссия туралы ережені келісіпсондайақ қала әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның консультативтіккеңесші органының құрамына өзгерістер енгізді

Сессия соңында депутаттар Алтай Бердіқұловты Алматы қаласы бойынша Ревизиялық комиссия Төрағасы лауазымынан босату туралы шешім қабылдадыУақытша міндетті комиссия мүшесі Данияр Төркешов атқаратын болды