18 шілде сағат 22:00 бастап 19 шілде сағат 08:00 дейін Райымбек даңғылының бойымен Сейфуллин даңғылынан бастап Бөкейханов көшесіне дейін екі бағытқа қарай автокөлік қозғалысы жартылай шектеледі.
Уақытша шектеулер алдағы жылыту маусымына дайындық аясында 1990 жылы пайдалануға берілген магистральді құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін енгізіліп отыр.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС