Алматы қаласында Жастар саясаты басқармасының қолдауымен және «Жаухар» ұлттық салт-дәстүрді қолдау қорының ұйымдастыруымен Мемлекеттік рәміздер күніне орай «IQ-ALA JASTARY» қалалық зияткерлік ойынының финалдық кезеңі өтті.
Жобаның мақсаты – жастардың білімге деген құштарлығын арттыру, сыни және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін шыңдау, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау. Биыл жобаға қала бойынша 1000-нан астам жас қатысқан.
Зияткерлік ойын төрт негізгі лига бойынша ұйымдастырылды:
Әр лигада үздік атанған командалар финалдық кезеңге жолдама алып, барлығы 19 команда білім, логика және тапқырлық бойынша өзара бақ сынасты.
«IQ-ALA JASTARY» жобасының биылғы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрады.
Тартысқа толы финал нәтижесінде жеңімпаздар келесідей анықталды:
«Командамыз бірнеше жылдан бері бірге ойнап келеді. Алматыдағы түрлі интеллектуалды жарыстарға қатысқан тәжірибеміз бар. Кей сұрақтар, әсіресе тарихи тастарға қатысты, күрделі болды. Бірақ әділ әрі тартысты өткен ойынның рухы ерекше әсер қалдырды», – деді «Аққу, шортан һәм шаян» командасының мүшесі Шұғыла Бүрлібаева.
«IQ-ALA JASTARY» зияткерлік жобасы жастар арасында үлкен қызығушылық пен қолдау тапты. Ұйымдастырушылар жобаны алдағы жылдары дәстүрлі түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр. Биылғы қатысушылар саны мен жастардың белсенділігі бұл жобаның өзектілігін және жастардың зияткерлік дамуға деген жоғары ынтасын айқын көрсетті.
Сонымен қатар, жоба аясында жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында тимбилдингтер, семинарлар және басқа да мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Бұл бағдарлама қатысушылардың жеке және командалық әлеуетін дамытуға бағытталды.