Алматыда Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар циклі басталды

Алматыда Балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар циклі басталды

 Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мәдени-ағартушылық іс-шаралардың онкүндігі басталды

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» жалпыұлттық жобасы аясында іс-шаралар циклі басталды.

22 мамыр «Әкем – тірегім, анам – жүрегім!» тақырыптық ұранымен өтті. Бұл отбасы құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөліне назар аударуға бағытталған.

«Бала жүрегі – отбасы әлемі» атты балалар сурет байқауы.

«Шабыт» дамыту орталығында «Бала жүрегі – отбасы әлемі» тақырыбында балалар сурет байқауы өтті. 100-ден астам оқушы өздерінің ерекше туындылары арқылы ата-анасына деген сүйіспеншілігін жеткізді. Жеңімпаздар жас ерекшеліктеріне қарай анықталып, белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.    

Тоғызқұмалақ турнирі

Алматы қаласының әр ауданынан келген 100-ден астам оқушының қатысуымен Инновациялық шығармашылық орталығы базасында ұлттық зияткерлік ойын – Тоғызқұмалақтан қалалық турнир өтті.

«Бақытты бала — бақытты отбасы» флешмобы

№210 мектеп-лицейінің базасында «Бақытты бала – бақытты отбасы» атты флешмоб өтті. Іс-шараға 200-ден астам оқушы мен 120 ата-ана қатысты. Балалар мен ата-аналар бір ырғақпен орындаған би отбасылық махаббаттың, татулық пен үйлесімнің символына айналды.

«Ұрпақтар үндестігі»: ұрпақтар кездесуі мен ұлттық құндылықтардың маңыздылығы

№181 мектеп-лицейінде мәдени-ағартушылық кеш өтті. Іс-шараға Нұрлан Албан, Бибігүл Қылымхан, Назар Серік сынды танымал мәдениет қайраткерлері мен басқа да өнер иелері қатысты. Дәстүрлі әндер, шығармашылық қойылымдар мен өнерпаздармен өткен телекөпір ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын айқындады.

Бірінші күннің қорытындылары

«Қазақстан балалары» жалпыұлттық жобасы аясындағы іс-шаралар балаларға мереке сыйлап қана қоймай, олардың жеке тұлғалық және рухани-адамгершілік дамуына маңызды үлес қосты. Бағдарлама алдағы уақытта да жалғасын тауып, қаланың тағы да көп мектептері мен отбасыларын қамтитын болады.