Лого
Меню
Страницы

30 қыркүйекте Алматыда Almaty Tourism Bureau мен Rakuten Sports арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтеді.

Меморандум спорттық және оқиғалы туризмді дамытуға, сондай-ақ Алматыға халықаралық спорттық іс-шараларды тартуға бағытталған бірлескен жұмысты көздейді.

Rakuten Sports жапондық Rakuten Group құрамына кіреді және халықаралық спорттық жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне ие. Компания «Виссел Кобе» футбол клубы мен Rakuten Golden Eagles және Rakuten Monkeys бейсбол клубтарына иелік етеді. Сонымен қатар FC Barcelona, Golden State Warriors, Davis Cup және Spartan Race жобаларымен бірлесіп жұмыс істеген.

Кездесу барысында тараптар алдағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мен Алматыда халықаралық спорттық іс-шараларды өткізу мүмкіндіктерін таныстырады.

Rakuten Sports атынан Takahashi Michio, Vice President, Entertainment Contents Business қатысады.

📅 2026 жылғы 30 қыркүйек
🕙 10:00
📍 «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені, Қаппаров көшесі, 167

БАҚ өкілдерін аккредиттеу: 8 776 996 54 93 Ақбота

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты