Лого
Меню
Страницы

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 26-27 қыркүйек күндері гик-мәдениет, кино, гейминг, косплей және комикстерге арналған ауқымды халықаралық AGGE FESTIVAL 2026 фестивалі өтеді.

Фестиваль поп-мәдениет жанкүйерлерін, блогерлерді, киберспортшыларды және шетелдік қонақтарды бір алаңға жинайды. Бағдарламада жүлде қоры бар косплей байқауы, арнайы шақырылған қонақтармен кездесулер, кино премьераларының таныстырылымдары, киберспорт турнирлері, ойын және VR-аймақтар, үстел ойындары мен авторлар жәрмеңкесі бар.

Фестивальдің арнайы қонақтары – «Тақтар ойыны» сериалындағы Подрик Пейн рөлімен танымал актер Дэниэл Портман және «Кальмар ойыны» сериалында №120 ойыншы Хён Джу рөлін сомдаған оңтүстіккореялық актер Пак Сон Хун.

Фестиваль аясында хедлайнерлермен автограф және фотосессиялар, сондай-ақ олармен бас сахнада кездесулер өткізу жоспарланған.

БАҚ өкілдерін фестивальге қатысып, іс-шараны ақпараттық тұрғыда жариялауға шақырамыз. Аккредитациядан өткен журналистерге арнайы бейдж, баспасөз орталығына кіру мүмкіндігі және хедлайнерлердің қатысуымен өтетін 30 минуттық жабық баспасөз конференциясына қатысу мүмкіндігі беріледі.

Күні: 26-27 қыркүйек
Орны: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Алматы қаласы

БАҚ өкілдерін аккредитациялау бойынша:
Анастасия Ульянова, AGGE FESTIVAL 2026 PR-менеджері
📞 +7 777 798 67 37

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты