

Бүгін, 21 қыркүйекте, Алматыда XX жазғы Азия ойындарының қазіргі бессайыстан жүлдегерлері – Темірлан Әбдірайымов пен Лев Чувашевті қарсы алу рәсімі өтеді.
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында алматылық спортшылар Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасындағы командалық есепте қола жүлдеге ие болды. Олар Валерий Тихонмен бірге 4647 ұпай жинап, үшінші орын алды.
Бұл Қазақстанның қазіргі бессайыстан Азия ойындарында соңғы 16 жылдағы алғашқы медалі.
Спортшылар бүгін сағат 20:50-де Алматыға келеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін Азия ойындарының жүлдегерлерін қарсы алу рәсіміне қатысуға шақырамыз.
Күні: 21 қыркүйек
Уақыты: 20:50
Орны: Алматы халықаралық әуежайы
БАҚ өкілдерін аккредиттеу: +77771153355, Әсел