

Алматыда 23-24 қыркүйекте Орталық Азия өсімдік тәлімбақтары қауымдастығының IV халықаралық конференциясы және Green Spaces Expo 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара көгалдандыру, көркейту және өсімдік тәлімбақтары саласының 15-тен астам елден келетін мамандарын біріктіреді.
Бір алаңда мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің өкілдері, сала сарапшылары, ландшафт сәулетшілері, жобалаушылар, өсімдік тәлімбақтарының өкілдері, өндірушілер мен жеткізушілер бас қосады. Бағдарлама аясында жасыл индустрияны дамыту, қалаларды көгалдандыру сапасын арттыру, отырғызу материалдарын таңдау және күтіп-баптау, қоғамдық кеңістіктерді көркейту, сондай-ақ заманауи технология қолдану мәселелері талқыланады.
Көрмеге 80-нен астам экспонент қатысады, ал іскерлік бағдарлама аясында 30-дан астам спикер сөз сөйлейді. Көрмеге 2 мыңнан астам адам келеді деп болжанып отыр.
Орны: «Бақшасарай» қабылдау үйі, «Атакент» ҚІЫО, Тимирязев көшесі, 42, 1-корпус.
Күні: 23-24 қыркүйек.
Көрменің басталуы: 23 қыркүйек, сағат 09:00.
Салтанатты ашылуы: 23 қыркүйек, сағат 11:00.
БАҚ өкілдері үшін аккредиттеу, спикерлермен және ұйымдастырушылармен сұхбат өткізу, сондай-ақ іс-шара алаңында фото және бейнетүсірілім жасау мүмкіндігі қарастырылған.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу:
Александр Тайматов, Орталық Азия өсімдіктер тәлімбағы қауымдастығының (ОАӨТҚ) директоры
+7 (771) 713 88 34
director@caapr.kz