Лого
Меню
Страницы

Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Алматыда аралас жекпе-жектен турнир өтеді

Алматы әкімдігінің қолдауымен 19 қыркүйекте Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында NAIZA 85 аралас жекпе-жек турнирі өтеді. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері айтты.

Турнирдің басты жекпе-жектерінің бірі аса жеңіл салмақта Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасындағы чемпиондық реванш болмақ. Олардың NAIZA 83 турниріндегі алдыңғы кездесуі Саясатовтың дисквалификациялануымен аяқталған еді.

Сондай-ақ жеңіл салмақтағы чемпион Жансерік Жақсығұлұлы Мири Садыговқа қарсы чемпиондық атағын алғаш рет қорғайды. NAIZA 85 кардында Жұман Жұмабеков, Азат Мақсұм, Артем Тарасов және аралас жекпе-жектің өзге де өкілдері өнер көрсетеді.

Турнир қарсаңында баспасөз конференциясы, ашық жаттығу және көз арбасу рәсімдері өтеді.

БАҚ өкілдеріне арналған іс-шаралар бағдарламасы:

16 қыркүйек, 13:00 — баспасөз конференциясы, Regardal Hotel;
17 қыркүйек, 16:00 — Open Workout және Staredown, Арбат;
18 қыркүйек, 18:00 — Staredown, Арбат;
19 қыркүйек, 17:00 — NAIZA 85 турнирі, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы.

БАҚ өкілдерін турнир мен оның алдындағы іс-шаралардың барысын жариялауға шақырамыз.

Күні: 2026 жылы 19 қыркүйек
Уақыты: 17:00
Өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы, Алматы

БАҚ үшін байланыс:
Виктория Говоркова
Тел./WhatsApp/Telegram: +7 701 888 16 27
E-mail: vgovorkova@dar.io

Социальные медиа
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері